Сенбі, 23 Қараша 2024
1096 0 пікір 21 Қараша, 2023 сағат 17:17

Бейбіт Шүменовке қатысты іс тоқтап тұр

Ішкі істер министрлігі Бейбіт Шүменовтің әлі іздеуде екенін мәлімдеді. Сондай-ақ күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы, 7-тармағы, 3-тармақшасы негізінде тоқтап тұр.

«Аталған факті негізінде биыл шілде айында Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Шілде айының 12 күні аталған адамды күдікті деп танып, оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлім, 2-тармақшасы бойынша бағалау жөнінде арнайы қаулы шығарылды», - делінген Kazinform агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта.

Кейін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні қамауға алу шарасын санкциялады.

Шілде айының соңында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

«28 тамызда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы, 7-тармағы, 3-тармақшасы негізінде тоқтатылды», - дейді министрліктен.

Одан бөлек, ІІМ баспасөз қызметінің қызметкері: «Бейбіт Шүменовті іздеу тоқтатылған жоқ, оны ұстағанға дейін іс жүргізу тоқтап тұр», - деп толықтырды.

Еске салайық, биыл шілдеде қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов көпшілік орында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген еді.

Содан соң Бейбіт Шүменов дәмханадағы оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434