Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1148 0 пікір 21 Қараша, 2023 сағат 17:19

Абай облысындағы ауылдарға интернет қосылды

Абай облысы Абай ауданындағы бірнеше ауылға интернет қосылды.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, интернет желісіне қосылған ауылдардың қатары артуда.

«Абай ауданы Саржал және Медеу ауылдық округтерінде интернет желісін қосу жұмысы аяқталды. Бүгінде Тоқтамыс, Архат, Орда ауылында желінің жылдамдығын арттыру жұмысы жалғасуда. Тоқтамыс ауылында 40 метрлік антенна-мачталық құрылғы орнатылып, оған 6 шақырым электр желісі тартылды, трансформаторлық қосалқы станса қойылды. Қазір электр желісіне қосу жұмыстары қолға алынып жатыр», – делінген ақпаратта.

Осы бағыттағы жұмыс Архат ауылында да іске асырылған. Ауылда 40 метрлік антенна-мачталық құрылым орнатылды.

«Бұдан бөлек, Орда ауылында трансформаторлық қосалқы станцияны және 30 метрлік антеннаны орнату жұмыстары жалғасуда. 2,5 шақырымдық электр желісі тартылды. Жоғарыда аталған ауылдық округтерде барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Абай ауданы Қарауыл, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ, Көкбай, Құндызды ауылы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылып, бұл елді мекендерде ұялы байланыс және интернет желісі жұмыс істейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар