Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1233 1 пікір 21 Қараша, 2023 сағат 17:35

Қазақстан «ҚазРосГазбен» келісім жасады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанға қосымша көлемде сұйытылған газ жеткізу бағытында «ҚазРосГаз» компаниясымен жасалған келісім туралы айтты.

«Бұл жағдай сұйытылған мұнай газына қатысты. «ҚазРосГаз» біздің газ конденсатын Ресей Федерациясында өңдеу нәтижесінде 90 мың тоннаға (жылына) жуық сұйытылған мұнай газын сыртқы нарыққа немесе Қазақстанның ішкі нарығына жеткізе алады. Ал ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының тапшылығын ескере отырып, біз «ҚазРосГаздың» бұл көлемді Қазақстанға тасымалдауды сұрадық», – деді А. Сәтқалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол министрлік елімізде сұйытылған газды сатып алатындармен тиісті келіссөз жүргізгенін айтты.

«Яғни, қазір сұйытылған мұнай газын тұтынушылармен, ірі өнеркәсіптермен, жанармай құю станциялары желілерімен, бөлшек сауда нарығының ірі қатысушыларымен келіссөз ұйымдастырып, оларды ресурстармен қамтамасыз еттік. Атап айтқанда, жалпы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін бізде әлі де қосымша ресурстар бар», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Энергетика министрі сұйытылған газ нарықтағы бағамен жеткізілетінін атап өтті.

«Олар экспорттық бағамен жеткізеді. Бұл ретте халықаралық баға болады және біз экономикалық негізді ескере отырып, «ҚазРосГазға» қатысты қандай да бір ішкі бағаны қолданбаймыз», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «ҚазРосГазға» компаниясымен Орынбор мұнай өңдеу зауытынан сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бағыттау туралы келісілгенін айтты.

Қазір елімізде республикада айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Теңізшевройлмен ішкі нарыққа ай сайын 10 мың тонна газ жеткізуге уағдаластық жасалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар