Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1498 0 пікір 22 Қараша, 2023 сағат 17:59

«Инфосығандарға» қарсы петиция жарияланды

Желіде «инфосығандарға» қарсы петиция пайда болды.

Alashonline порталына жарияланған мәтінде әлеуметтік желілерде өздерін инфобизнесмен, бизнес-тренер, коуч, мотиватор деп атайтын «инфосығандар» қалың көпшілікке іске алғысыз ақпараттық өнімдер (гайдтар, курстар, кітаптар) ұсынатыны туралы жазылған.

«Аталған адамдар өздерін сарапшы ретінде көрсете отырып, пайдасыз ғана емес, сонымен бірге шындыққа сай келмейтін, тіпті зиянды ақпаратты да насихаттайды.

Осылайша шын ақпарат беретін нағыз сарапшылардың беделіне де нұқсан келтіреді», деп жазады петиция авторы.

Мәселеге алаңдаушылық білдіруші азаматтар мынадай шаралар қабылдауды талап етті:

- Пайдасыз ақпараттық өнімдерді жасауға және сатуға байланысты қызметтің жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдау;

- Тұтынушылардың жалған ақпараттық өнімдер туралы сауатын арттыру үшін халық арасында ақпараттық ағарту жұмысын жүргізу.

Петиция кеше кешкі уақытта жарияланған. Әзірге петицияға ешкім қол қоймаған.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар