Премьер-министр: «Петиция – бұл көп адамның пікірі»
Үкімет басшысы Әлихан Смайлов тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы пікір білдірді.
«Біз қазір тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл норманың күшіне енбегеніне қарамастан, мемлекеттік органдар азаматтардың өтініштерін қарауға міндетті. Ал петиция – бұл көп адамның пікірі, сондықтан оны да қарау керек. Біз мұндай өтініштерді қарауға қазір де дайынбыз. Өзім қыз өсіріп отырғандықтан әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты қолдамаймын», - деді ол.
23 қарашадағы жағдай бойынша тұрмыстағы зорлық-зомбылық заңнамасын реформалау туралы петицияға 149 мың қазақстандық қол қойған.
Abai.kz