Көкжарлы көкжал Барақтың жерленген жері табылды
Қазақ халқының сайда саны, құмда ізі қалмай «ақ табан шұбырындыға» ұшырап, босып, пана таппай жүрген кезеңде, еліне қорған болған батыр да, батыл ұлдары баршылық. Қаракерей Қабанбайдың жансерігі, Абылай ханның «хан батыры» атанған Көкжарлы көкжал Барақ Шүрекұлының аруағына бағышталған 290, 300 жылдық мерей тойларын Күршім ауданында атап өттік. Барақ батыр туралы өмірбаяндық мәләметтер тапшы болғанымен тек этнографиялық деректер негізінде батырдың алыс, жақындарының, туыстарының есінде сақталған ерлік істерін жинақтап, 1701-1702 жылдары Жарма өзені бойында туды 1772 жылы ат үстінде жау қолынан қазаға ұшырайды деген деректерді білеміз. Осының барлығын жинақтап, «Туған жер тарыхынан үзік сыр» атты кітапқа қосқан едім. Осы туғандары арқылы жинақталған ауыз екі бейнесінің суретін салып, ескерткішін орнаттық. Бірақ қазақтың Жоңғар басқыншылығына қарсы ұлт азаттық күресіне 15-16 жасынан қатысқан батырдың жерленген жері белгісіз болды. Барақтың 290 жылдық тойынан кейін «Қай жерде жерленді» деген сауалға жауап іздеумен болдым, тіпті Көкжал Барақ батырдың атымен байланысты жер аттарын жинастырдым, кітап шығаруға дайындап отырмын, бірақ батырдың жатқан жерін таппадым. Әркімнің әртүрлі нұсқауларына құлақ салып ол жерлерді анықтаумен уақыт өте берді.
Қазақ халқының сайда саны, құмда ізі қалмай «ақ табан шұбырындыға» ұшырап, босып, пана таппай жүрген кезеңде, еліне қорған болған батыр да, батыл ұлдары баршылық. Қаракерей Қабанбайдың жансерігі, Абылай ханның «хан батыры» атанған Көкжарлы көкжал Барақ Шүрекұлының аруағына бағышталған 290, 300 жылдық мерей тойларын Күршім ауданында атап өттік. Барақ батыр туралы өмірбаяндық мәләметтер тапшы болғанымен тек этнографиялық деректер негізінде батырдың алыс, жақындарының, туыстарының есінде сақталған ерлік істерін жинақтап, 1701-1702 жылдары Жарма өзені бойында туды 1772 жылы ат үстінде жау қолынан қазаға ұшырайды деген деректерді білеміз. Осының барлығын жинақтап, «Туған жер тарыхынан үзік сыр» атты кітапқа қосқан едім. Осы туғандары арқылы жинақталған ауыз екі бейнесінің суретін салып, ескерткішін орнаттық. Бірақ қазақтың Жоңғар басқыншылығына қарсы ұлт азаттық күресіне 15-16 жасынан қатысқан батырдың жерленген жері белгісіз болды. Барақтың 290 жылдық тойынан кейін «Қай жерде жерленді» деген сауалға жауап іздеумен болдым, тіпті Көкжал Барақ батырдың атымен байланысты жер аттарын жинастырдым, кітап шығаруға дайындап отырмын, бірақ батырдың жатқан жерін таппадым. Әркімнің әртүрлі нұсқауларына құлақ салып ол жерлерді анықтаумен уақыт өте берді.
Көкжал Барақ туралы жеке жазылған дерек жоқтың қасы, оның да кезінде ұлкен себептері болды. Халық тарихының иірімдерінде әлеуметтік процестерге тигізген ықпалы жағынан әртекті әрекеттерімен белсенділік танытқан ортақ есімді қайраткерлер кездесе береді. Әсіресе Барақ есімді адамдардың саны оннан астам. Олардың іс әрекеттерін бір біріне ауыстырып Абылқайыр ханды өлтірген Солтан Барақпен Көкжал Барақты шатастырып келді. Соның әсерінен Бәделғожа Тұрсынбаевтың «Көкжал Барақ» поэмасы Қолжазба күйінде архивке тығылып қалды. Ақынның өзі қуғынға ұшырады.
Үш жүзге аты мәлім Абылай ардақтап өткен «хан батыры» атанған Көкжарлы Көкжал Барақты көп Барақтардың ішінен, жаладан арашалап алып шыққан Тарих ғылымының докторы қайраткер ғалым Сәбетқазы Ақатай. Ғалым барлық Барақ есімділерді жеке, жеке қай ғасырда өмір сүргенін, қай атадан тарағанына дейін талдап жазды. Көкжал Барақ туралы көптеген зерттеулер жасап, ерлігін еске салатын қырғын соғыстарды жазып соңында қортындылай келіп, батыр бабасының топырағын іздеген ұрпақ, оны Қырғыз Алатауынан шығып, Шу өзеніне құятын шағын Ақсу өзенінің төменгі сағасынан табады. «Абылай аспас Сарыбел» де, Абылайдың Сусамыр жайлауы да осы бір тентек бұлақ бастау алар таулы алқапта. Барақ Ақсудың Шуға құятын сағасында өліп, Абылай сүйікті батырын жазыққа жерледі. Көкжал Барақ нағыз батырларша егес үстінде Абылайдан он жыл бұрын өледі деген. Осыдан басқа ашық жазылған дерек жоқ. Осы дерекке сүйеніп батырдың жерленген жерін іздестірумен болдым. Бірақ Шу бойынан да бейітін таба алмай жүрдік. Шу мен Ақсу өзенінің қиылысына екі мәрте барған, Көкжал Барақтың бір ұрпағы,Танекенов Кенжеғали Шақарбайұлы да нақты нәтиже шығара алмады,
Мен енді тылсым дүниенің құпиясын ашып, жұмбағын шешіп жүрген көріпкелдердің іс әрекеттеріне көңіл аудардым. Москвада болып жатқан көріпкелдер сайысын үзбей көріп, табылмай жатқан қанды оқиғалардың қалай болғанын айтып, аруақтармен сөйлесіп, талайды таң қалдырғандарын көрдім. Ендігі амал Көкжал Барақ бабамыздың жерленген жерін табу үшін осы тылсым иелеріне жүгіну ғана қалды, солай істедім де.
Атақты емші көріпкелдердің бірі Дүсеков Қайролла Абдолдаұлымен сөйлесіп, іздеп жүрген батырдың жатқан жерін тауып беруді сұрадым. Біраз ойланып отырып , сол Шу өзені бойынан табылады, басына жақындау жерде ағаш өскен деді. Дәл барамыз деп жиналған күні бір жағдайлармен бара алмады. Енді Москвада өткен көріпкелдер сайысының жеңімпазы қазақстандық Бақыт Жұматоваға шықтым, администраторы арқылы өзімен тікелей сөйлестім, оған да кімді іздеп жүргенімді түсіндірдім. Бақыттың айтқаны, мен көріпкелмін. Ол кісі Шу бойынан табылады, тауып беремін деді. Бірақ ол кісіні біраз уақыт тосу керек болды. Оны күте алмадым. Тағы бір көріпкел емші Ерғазы Мағауянов Нұрлыбекұлымен телефон арқылы хабарластым. Көкжал Барақтың жерленген жерін іздеп жүргенімізді айттым. Ертең Жұма ғой, Сенбі күні шығайық, табамыз деді.
Ерғазы Нұрлыбекұлы емші, көтеріліп ауырған ауыруларды емдейді, аруақтармен тікелей сөйлесіп, байланыс жасайтын қасиетке ие көрінеді. Бұдан бұрын Сайрамда Юса пайғамбардың бейітін тауыпты. Муса батыр, Қайсар батыр, Қаратыр батыр, Қазғұмар бақсы, Қорат батыр т. басқа жиырма шақты батырлар мен атақты адамдардың жерленген жерлерін тауып, сонымен қатар Күршім ауданындағы отыз жыл болыс болған Омар болыстың бейітін көтеріп, басына ай орнатып, естелік ескерткіш қойып, сол қорымда жатқан ата, апаларымыздың аты жөнін анықтап, естелік тақтасын қойған екен. Ерғазының бір ерекшелігі, көрдегі адамның аты жөнін, тегіне дейін айтып бере алатын қаблеті бар. «Аталар» лұқсат берсе, барлығын айтып беруге болады дейді.
Сенбі күні ертерек Шу бойындағы Көкжал Барақ бабамыздың жерленген жерін іздеуге шықтық. Машинада отырғанда менің сауалдарыма қысқа,қысқа жауап беріп отырды. Біз Көкжал барақтың жерленген жерін бүгін табамыз, ол кісі жалғыз жатқан жоқ, жанында үш кісі жатыр. Сіздің кітап бойынша айтқаныңыз дұрыс, Шу мен Ақсу өзендерінің қиылысында суға жақындау, төменгі ағысы, жазықта жерленген. Көгалды ойпат, онда қамыс өскен, одан өтеміз, онша алыс емес, кішкентай дөңесте, қалғанын Батырды тапқананн кейін айтамын деді. Біз қаладан шыққанан кейін, Жандосов ауылында тұратын жоғарыда айтылған Танекенов Кенжеғали Шақарбайұлына келдік, ол кісімен бірге баратын болып келісіп алғанбыз. Сол кісімен бірге шықтық.
Шу өзенінен өтіп Ақсу өзенін жағалап келеміз, Ақсу атты азғантай ауыл бар екен, мал фермасы болған, өзен бойы жазық. Бұрын егіндік болғанымен кәзір қызыл мия алаңы. Қызыл мияның тамырын іздегендер қопарып жатыр, «Қой дейтін қожа, әй дейтін әже» жоқ жердің қыртысын қопарып жүрген шынжыр табандар. Бір кезде Ерғазы айғайлап жіберді де машинаны тоқтатыңыз, мен далаға шығамын деді. Қолында қоңыраулы темір таяғы бар, таяғын көтеріп біраз тұрды да, қайта машинаға кіріп, біраз алға жүріңіз деді. Мен темір таяқтың құпиясын сұрап үлгердім. Біздің атамыз Буратай қажы кезінде жаяу Меккеге үш қайта барған адам, сол кісінің Меккеден әкелген таяғы, мен қолданып жүрмін, атадан қалған мұра деп таяғын сипап қойды да, тағы айқайлап машинадан түсіп таяғын көтеріп, жүгіре жөнелді. Біз сол жерде тұрып қалдық. Бір сағаттан кейін келді, табылды деді. Артынан жүріп келеміз таңертең маған машинада айтқан жер ойпатынан өттік, қамыс, қоға өскен ойпат. Төмпешікке шыққанда, міне, осы жерде, Шу өзеніне қарап тұрғанда оң жақта Қанатбек батыржерленген, ол Сауыт батырдың немересі, Сауыт батыр Ащы басындағы қорымда жерленген, ортада Көкжал Барақ батырдың мәйіті жатыр, сол жақта Көрқайың батыр жерленген, ол Бура руынан. Алға таман Қалампыр апа емші, көріпкел болған. Бұл кісілер Көкжал Барақпен бірге болып, бірге жау қолынан қаза тапқандар. Көкжал Барақтың Қырғыз жерінде алдауға түсіп қаза тапқаны рас. Абылай хан осында әкеліп жерледі. Қырғыздар батырды аямай найзалаған, денесінде сау жер жоқ, күннің ыстығы тағы бар, батырды осы жерге жерлеуге тура келді деді Ерғазы Нұрлыбекұлы.
Жақын маңайда бейіт көрінбеді алыстау жерде төбе болып үйіліп жатқан бір қорымды көрдік осылай келе жатқанда, тура сол қорымның үстінде мал фермасы орналасқанға ұқсайды, ал осы бейітке жақын бейіт болмады. Біз тапқан бейіт жер болып қалған, малдың жолы, тура жанынан көнерген жол өтеді. Жан жағында қызыл мия тамырын қопарған тракторлердің іздері де, жоқ емес. Жазық даладан бір тас таппайсың. Бейіттің басына белгі етіп темір қазық қойдық. Тегіс жердің асты қуыс, бейіт екеніне көз жеткіздік. Сол жердің тұрғыны орыс шалы осы жерде бұрын бір бейіттің тұрғанын айтты, есімі Володя. Кейін жауын, шашынға төтеп бермей құлап қалды дейді. Ал біз тапқан бейітте анықтап қараса мәйіттің орындары белгілі жатыр, бірақ төбесі түсіп кетпеген. Ғалым Сәбетқазы Ақатайдың кітапқа жазып кеткен нұсқауы осы жер екенін білдік. Сол жерде тұрмыз. Көкжал Барақ бабамыздың бейіті деп қабылдап , қабірдің басына Кенжеғали Шақарбайұлы ясин сүресін оқып, бата жасадық. Осыны тиянақтау үшін тағы бір көріпкел, емші осы тылсым құпиясымен айналысқалы жиырма жыл болған Шолпан Құмарханқызынан сұрадым. Осы табылған бейіт Көкжал Барақ бейіті екені рас па дедім. Шолпан өзі Шу өзені бойында бұрын соңды болмапты, бастауыш сыныптың мұғалімі екен, сабақ үстінде кез болдым. Шолпан біраз үндемей тұрды да, сол жердің қасында тұрғандай біз барған жердің белгілеріне анықтама берді. Көкжал Барақ бейіті сол деп растады. Сонымен Барақ батырдың бейіті табылды деген сенімге келдік. Енді бір қызығы Ерғазының тылсым дүниенің жұмбағын шешетін қасиетке ие дедік, аруақтармен бетпе, бет сөйлескенінің айғағы, қолында Барақ батырдың берген батасын жазып алыпты. Ол жұма күні аруақтармен сөйлесіпті. Негізінде адамның алла берген тылсым қасиетіне таңдануға болмас. Атам заманнан тылсым дүниенің құпиясын меңгерген адамдар аз емес. Жауын жаумағанда жауын жауғызған, о дүниелік болып кеткен адамды қайта өмірге әкелетін қасиетті адамдар да болған. Сондықтан Көкжал Барақ батырдың жерленген жері табылды деп сеніп, әртүрлі пендешілік күмәнді сейілтіп, Баба аруағы жатқан жерді табанға таптатпай, белгі қойып қоршау қамын ойлағанымыз дұрыс шығар. Артында қалған ұрпақтары, Біз, Осыншама ұлан байтақ жерді найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғап, ұрпағына қалдырған батырларымызға қарыздармыз.Көкжарлы Көкжал Барақ руы Өтей Шүректің баласы екені рас. бірақ ол қазақтың ҰЛТТЫҚ БАТЫРЫ. Батырдың Қазақ аспанында тұрған жұлдызы жарқырай берсе екен деймін. «Өлі разы болмай тірі байымас» аты өшіп, қабірі табанда тапталып жатып, өз кезегін үш ғасыр күткен ардагер батырларымыздың аруағын өксітпей, басын көтеруге жұдырықтай жұмылайық ағайын.
Шекербану Рахметолдақызы.
Алматы қаласы
Abai.kz