Жұма, 22 Қараша 2024
1355 1 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 15:32

Жол сапасының нашарлығына байланысты 19 мыңнан астам арыз-шағым түскен

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жол сапасына байланысты сынның көп екенін айтты. 

«Басты мәселе – жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету. Жол сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығына себепші болып отыр. Әсіресе, сапасыз жөндеу жұмыстарына қатысты айтылып жатқан сын көп. Тек осы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Мысалы, жол азабын тартқан Қостанай облысының тұрғындары Ұзынкөл станциясы мен Троебратское ауылы арасындағы әбден тозып біткен жолға қатысты ұжымдық хат жазған. Бұл жол осы өңірді көршілес Солтүстік Қазақстан облысымен байланыстырады және Ресейге қарай транзиттік жол болып саналады. Биыл Ақтөбе облысының Жұрын станциясы мен Орқаш ауылы арасында қиыршық тас төселмеген сапасыз жол салынған.

Ал Тараз қаласының тұрғындары Қарасу шағын ауданында 1 жылдан астам уақыт бойы бітпей жатқан жол жөндеу жұмыстарын аяқтауды талап етіп келеді. Мұндай мысалдар барлық өңірде көптеп кездеседі.

«Әкімдіктер де жергілікті жолдардың сапасына сараптама жасау жұмыстарын да дұрыс жүргізе алмай отыр. Кейбір өңірлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау тарапынан бақылаусыз жүргізеді. Ұзақ жылдар бойы жол саласында шешілмей келген проблеманың бірі – битум тапшылығы. Тапшылықты импорт есебінен жабуға мәжбүр болып отырмыз. Битум бойынша пайдалану технологиясы сақталмайды. Бұл да жолдардың сапасына кері әсерін тигізіп отыр», - деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар әкімдіктер құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының жобаларына арналған жер учаскелерін беру уақытын созуда. Осы факторлардың барлығы саланы дамытуға кедергі болып отыр.

«Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автомобиль жолдарына қатысты барлық жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруы қажет. Көлік министрлігі мен «Қазавтожол» компаниясы битумды сақтау инфрақұрылымын құру бойынша шара қабылдауы қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен және жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, битум сақтау және пайдалану технологиясының сақталуын бақылауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі Экология министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін кеңейту жобаларына жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуды пысықтауы керек», - деді Үкімет басшысы.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320