Жұма, 22 Қараша 2024
1320 0 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 16:57

30 бала қызылшамен жансақтау бөліміне түскен

Бүгінде елімізде қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni.

Қазір Қазақстанда қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан аса төсек-орын ашылды. Стационарлық емделуге 2 375 бала жатқызылған, төсектер 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында – 92%, Алматы қаласында – 88%, Түркістан облысында – 81%, Шымкент қаласында – 79% жоғары екені байқалады, - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол қызылшадан адам өлімі тіркелмегенін атап өтті.

«Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында», - деді Ажар Ғиният

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321