Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1301 0 пікір 29 Қараша, 2023 сағат 14:15

Қазақстанда балаларға 22 млрд теңге алимент төленбеген

Қазақстанда балалардың пайдасына борышкерлерден 23 млрд теңге алимент өндірілді.

«140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңгеге қарыз өтелді, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді.

Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды.

Осыған байланысты прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильдік қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және тағы басқасы», - делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Аталып өткендей, алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы. Сол себепті прокуратура органдары сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып жұмыс атқарады.

Нәтижесінде 200-ге жуық вакансия ұсынылған жәрмеңке ұйымдастырылған.

«Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 500-ден астам түрлі ынталандыру шаралары өткізілді (акция, рейд, әлеуметтік ролик, билбордтар және басқалар).

Алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.

Жүйелі және кешенді шаралар қабылдау проблемалық іс жүргізулердің санын үштен біріне дейін қысқартуға мүмкіндік берді немесе – 75 мыңнан 50 мыңға дейін», - делінген Бас прокуратура ақпаратында.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар