Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3193 0 пікір 25 Қыркүйек, 2013 сағат 06:19

Шәріпхан Қайсар. Бір ой: осы екі жігіттің «қызметсіз» қалғаны дұрыс болды

Себеп-салдарсыз Берік Әбдіғали Арқалық қаласының әкімі қызметінен босады. Ерлан Қарин «Нұр Отанның» жауапты хатшылығынан кетті.  Және солары өте дұрыс болды. Әрине, елге пайдалы еңбек етудің төте жолы – билік ұсынған қызметте болу. Нақтырақ айтсақ,  қолында азды-көпті билігі бар адам туған халқын шын сүйсе, жұрт сүйсінетін іс жасай алады.

Берік те, Ерлан да «қазаққа болсыншы» дейтін жігіттер. Сол ізгі тілектерін бұл екеуі бірі әкім, бірі билік партиясының қызметкері бола жүріп әйгілеп бақты. Берік Бақытұлы «айдалада қалған» Арқалықтың ажарын кіргізіп, құлазып тұрған қаланың өн-бойына қан жүгіртсе, Ерлан Тынымбайұлы тым-тырыс,  томаға-тұйық партияны ашық пікір алаңына шығаруға қажыр-қайратын, ақыл-парасатын жұмсай білді.

«Нұр Отан»  - бұрынғы Коммунистік партия сияқты белден басатын, ашық сынға төзімсіз, саяси бәсекеге қабілетсіз партия. Бұл партияның қатарында жүргендердің дені мансап қуған, қызмет бабымен өсуді жолға қойған шенеунік немесе кәсіпкерсымақ болып келеді.  Сондықтан олар елдегі қандайда бір оқиғаға көзқарас танытып, сарабдал пікір айтудан ат тондарын ала қашады. Бұндай қалпымен аталған партияның жетекші саяси құрылымға айналуы күмәнді нәрсе. Ерлан Қарин партияға қатысты сол күмәнді бұзып-жарып бастаған еді. Алашорда ардагерлерінің арман-мақсатын да ақырындап аталған партияның  саяси тірлігіне араластыруға кіріскен. Бірақ, бір-ақ күнде жауапты хатшылықтан босады. Жә, оған бола күйінудің қажеті шамалы. «Ақ Берік» деп Арқалықтың жастары сияқты қия алмастықтың әнін айтып қынжылудың да қажеті жоқ. Өйткені Берік пен Ерлан енді еркіндік алды. Ойларын іркепей ортаға салудың мүмкіндігіне жетті. Биліктегі қызмет пен билікке қызмет қылатын партияда жүріп, жүйемен күресу – жүйкелеп тыну деген сөз.  Демек, Берік пен Ерлан тасынып сөйлегенімен басылып қала беретін ұлт патриоттарының ақыл-ойына, мұрат-мақсатына ақылшы әм жетекші болады деген ойдамыз. Айдос, Расул, Мұхтар, Қасым сияқты білімі мен білігі биік, ұлт мүддесі үшін жүріп жатқан «мылтықсыз майданда» азды-көпті тәжірибе жинақтап, ысылған жастардың қатары «жоғары жақтың» ойы мен ойынын жақсы білетін екі азаматпен толықты деп бек сенеміз. Бәрекелді, жігіттер!

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5304