Жұма, 22 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2238 1 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 14:59

Газа секторы: Соғыс қайта басталды...

Газа секторындағы ХАМАС пен Израиль арасындағы қанқасап шайқастар 2 айдан аса уақыт жалғасып, Мысыр мен Катардың арағайындық жасауы арқылы уақытша тоқтатылған еді. Бұл туралы Mezgil.kz сайты жазды

ХАМАС пен Израиль келісімге келіп, екеуара тұтқындар алмасу, Газа секторына гуманитарлық көмектер жеткізу жүзеге асырылып жатқан-ды. Әуелгі бойынша гуманитарлық мақсаттағы үзіліс 4 күнге жасалады деп келісілген. Кейін ол 2 мәрте ұзартылды. Әр жолы ХАМАС тарабы 7 қазанда тұтқынға түсірген Израиль азаматтары мен өзге шетелдік тұтқындарды лег-легімен босатқан. Жауап ретінде Израиль тарабы 150-ден аса Құдыстық тұтқынды босатып жатты. 50/150 формуласы бойынша жасалған тұтқын алмасу келісімінің жалғасы ретінде ХАМАС соғыс тоқтайтын әр күннің есебіне 10 тұтқыннан босатады деген. Осылайша, Газа секторындағы ұрыс қимылдары тұп-тура 8 күнге тоқтады.

Ал кеше, яғни, 30 қарашада екі бірдей мұздай қаруланған лаңкес Шығыс Иерусалимлегі Гиват-Шауль жол қиылысында автобус аялдамасында тұрған бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған, Израиль қауіпсіздік күштері олардың көзін жоя білді. Бұл теракт деп бағаланды. Сол сойқанды жасаушылар 3 адамды өлтіріп, 7 адамды жаралады.

ИЕРУСАЛИМДЕГІ ТЕРРОР

Құдыстық ХАМАС қозалысы Иерусалимде болған терактіні өз мойына алды. Осы теракті турасында ХАМАС қозалысы 30 қарашада өзінің «Telegram» арнасында: «Бұл операция шегіне жеткен оккупациямен Газа секторындағы жаппай қырып-жоюға жауап беру болып табылады», - деп мәлімдеме жасады.

Әлемдік БАҚ терактіні жасаушылар «Аль-Кассам» бригадасының екі мүшесі болды дегенді алға тартады.

УАҚЫТША КЕЛІСІМ - БІТІМ ЕМЕС!

Бүгін таңда Израиль армиясы Газа секторындағы ұрыс қимылдарын қайта бастады. Израиль армиясы: «ХАМАС гуманитарлық үзіліс туралы келісімді бұзып, Израиль аумағын атқылады. ЦАХАЛ Газа секторындағы ұрыс қимылдарын жалғастырады», - деп мәлімдеді.

Бұған дейін Израиль армиясы һәм әскери басшылығы ХАМАС-пен екіарадағы уақытша келісім бітім емес екенін, үзіліс аяқталған соң соғыс айта жалғасатынын, Израильдің мақсаты ХАМАС-ты түп-тамырымен жою екенін айтқан еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329