Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2594 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 09:27

Бек Датұлы. Жаңа валюта жақсылық нышаны ма?

Доллардың үрлеген шардай қауқарсыздығы, әлемдік қаржы дағдарысына себепкер осы валюта екені кеше тағы сөз болды. Бұл жолы ол пікірді жеке саясаткерлер немесе мемлекет басшылары емес, БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференция (UNCTAD) сарапшылары айтты. Өз баяндамаларында. Жаңа әлемдегі қаржы жүйесін реттеу үшін долларды жасанды валютаға айырбастау керек дейді сарапшылар.

Доллардың үрлеген шардай қауқарсыздығы, әлемдік қаржы дағдарысына себепкер осы валюта екені кеше тағы сөз болды. Бұл жолы ол пікірді жеке саясаткерлер немесе мемлекет басшылары емес, БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференция (UNCTAD) сарапшылары айтты. Өз баяндамаларында. Жаңа әлемдегі қаржы жүйесін реттеу үшін долларды жасанды валютаға айырбастау керек дейді сарапшылар.

АҚШ-тың ақшасынан бас тарту туралы әңгіме доллар пирамидасының асты қуыс екені әлемге айдай анық болғалы, яғни материалдық қолдауы жоқ талай триллион «көк қағаздың» шынымен де әншейін қағаз екені жалғанға паш болғалы көтерілген. Бірден айтайық, бұл сарындас пікірлер кімнің Америкамен қандай қатынас ұстанатынына қатысты емес, әр мемлекеттің өз мүддесі үшін айтылды. Яғни, АҚШ-пен қарым-қатынасы қырғи қабақ елдердің де, достық қарым-қатынастағы мемлекеттердің де басшылары нақты көзқарасын білдірді. Америкамен ежелден тең дәрежеде сөйлесетін Ресей мен Қытай жаңа валюта туралы идеяны қолдайтындарын ашық айтып келеді. Ресей президенті Дмитрий Медведев реформа жасап дүниежүзілік қаржы жүйесін бір орталыққа тәуелділіктен арашалап алуды ұсынды. Ол үшін дүниежүзілік қаржы орталықтары мен дүниежүзілік резервтік валюта жүйесіне өзгерту енгізу керек дейді. Оның пікірі біздің елдің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ойымен толық үндеседі. Ол әлемдік қаржы жүйесіндегі қиыншылықты ешбір мемлекеттің жалғыз шеше алмайтынын мәлімдеген. Сондықтан аймақтық валюта шығаруды, тіпті оның атын да ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев бір елдің ұлттық валютасы дүниежүзілік резервтік валютаның ролін атқар алмайтынын, экономиканың ондай схемасы заман ағымына ілесе алмайтынын айтқан.

Қытай тарапы да әлемдік қаржы сәулетіне «жөндеу» жұмыстарын жүргізуді қалайды. Қашан да қапысыз қимылдайтын қытайлар әзірге ортақ тұтыным үшін нақты валюта түрін ұсына қойған жоқ. Бірақ экономикасының өсімін ұлттық валютамен жиірек өлшеп, қолда бар қыруар долларды сыртқа қарызға беріп «қарық қылып» жатыр. Әрине, жаңа валюта дүниеге келе қалса Қытай сол қарыздарының қайтарымы қалай болатынын ескермей тұра алмайды.

Әлемнің көптеген мемлекеттері долларға сенімсіздікпен қарап отыр. Кейбір мемлекеттер сауда-саттықты доллармен жасаудан бас тартып та үлгерді. Әзірге әупірімдеп әлемдік валюта деген атын сақтап келе жатқан доллар жалғыз күнде бар қауқарынан жұрдай болуы мүмкін.

Әрине, бұған дейін әр мемлекет жеке-дара өз ұстанымын білдірген болса енді БҰҰ жаңа валюта мәселесін көтеріп отыр. БҰҰ-ын бұрынғы қауқарынан айырылып қалған деп айыптайтындар да аз емес. Дей тұрғанмен, бір ел емес, ұлттар ұйымының деңгейінде талқылана бастауы «жаңа әлемнің қаржы сәулетінің жаңа келбетін қалыптастыру» идеясының пісіп-жетілгенін білдіреді. Жақында Нұсұлтан Назарбаев та Парламент Мәжілісі сессиясының ашылуында мемлекеттің алдында қаржы сәулетін жаңғырту міндеті тұрғанын атап айтқан.

БҰҰ-ның баяндамасында «қазіргі қаржы жүйесі тиімсіз, әлемдік экономиканың дамуын тежеуде әрі қаржы және экономикалық дағдарыстың бірден-бір себепкері» деп атап көрсеткен. UNCTAD сарапшылары долларды жасанды валютаға алмастыру халықаралық сауда мен мемлекеттік қарыздар төңірегіндегі теңсіздікті жояды деп санайды. Айырбас курстарын реттеу үшін Бреттон-Вудский келісіміне ұқсас жүйе құруды ұсынады. Сарапшылар ұсынған жүйе әлемдік қаржы жүйесінде соңғы 60 жылда болмаған түбегейлі өзгеріс әкелмек.

Әлем өзгермей тұра алмайды. Солай жаратылған. Қатып қалған ештеңе жоқ. Ендеше өзгерістерге қалай үлес қосуымыз керек, қандай сыбаға аламыз деген мәселелер бізді де айналып өтпейді. Расымен де біз өзгерістерге, жаңа қаржы жүйесіне іркіліссіз енуге дайынбыз ба? Кәрім Мәсімовтың кабинеті бұған әлі нақты жауап берген емес. Әзірге кезінде алаулатып-жалаулатып бастаған бірқатар идеялары «иісалмас» екенін біліп, біріне бірін қосып, кейбірін шұнтитып кесіп-пішіп тыраштанудан аспай жатыр. Талай жобаларды іске асыра алмады. Есеп бергенде еселеп беретін, көбінесе семіз айтып арық шығатын осы Үкіметіміз өзгерістерге дайын дегенге күмән мол.

 

«Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419