Арнайы құрылған қор климаттың өзгеруінен зардап шегіп жатқан кедей елдерге көмек көрсетуге арналған. Ғаламдық жылынуға жауапкершілігі бар дамыған елдер қорды қаржыландыруға "шақырылады". Бірақ бұл жарғылар ерікті болады. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, БАӘ қорға миллион доллардан құюға уәде берді.
2030 жылға қарай қорға жүз млрд доллар бөліну жоспарда бар.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жер астынан алынатын энергетикалық отынды пайдаланудан толық бас тартуға шақырды. Оның пікірінше, әлемде қазіргі технологияны қолданып, 1,5°C [Адамзат үшін температураның көтерілуінің қауіпті межесі] сақтап ғана қоймай, дамуға, гүлденуге де мүмкіндік бар.
"Әзірге жетіспейтіні саяси ерік-жігер", - деді Гутерриш.
Конференция өтіп жатқан Біріккен Араб әмірлігі әлемде мұнай шығаратын ең ірі елдердің бірі.
Abai.kz