Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 1151 0 пікір 5 Желтоқсан, 2023 сағат 14:54

Президент: Мемлекет волонтерлерді қолдайтын болады

Әлемдік кең тараған мерекелердің бірі – 5 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық волонтерлер күні.

Қай салада болмасын өз еріктерімен көмек-қолдау жасап жүрген еліміздегі волонтерлерді президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «X» желісіндегі парағында төл мерекелерімен құттықтап:

«Бүгін, Халықаралық волонтерлер күні өзгелер үшін беріле қызмет ететіндерге басымызды иеміз. Біздің волонтерлер өз бойына жоғарғы мейірімділік идеалын, адамсүйгіштік қасиет пен азаматтық жауапкершілікті сыйдырған.

Қоғамдық маңызы бар іс-шарға қатысатындардың, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратындардың, көмекке зәрулерге қол ұшын беретіндердің арқасында біздің жасампаз іс-әрекеттеріміз шынайы патриотизммен арайланады. Мемлекет бұдан ары да еліміздегі волонтерлік қозғалысты қолдайтын болады», - деп жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сөздерінің астарында «Адал азамат» концепция жатыр.

Abai.kz

0 пікір