CPJ бір ай бұрын Израиль мен ХАМАС арасындағы жанжалда журналистер көп өлгенін хабарлаған.
4 желтоқсандағы жағдай бойынша, 56 палестиналық, төрт израильдік және үш ливандық журналист қаза болған. 11 журналист жараланып, үш тілші із-түссіз жоғалған. Ұйым қарашаның аяғында жиырма шақты журналист қамалғанын хабарлаған. 7 қазанда ХАМАС радикал тобы Израильге шабуыл жасаған күні көп журналист өлген.
CPJ қаза болған, жоғалған, ұсталған, жараланған журналист туралы расталмаған мәліметтерді тексеріп жатыр.
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) радикалдардың 7 қазанда Израильге шабуылынан соң Газа секторында әскери операция бастады. Израильде 1200-ге жуық адам қаза болды, 240-тан астам адам тұтқынға алынды. ХАМАС бақылауындағы Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Палестина аумағындағы операция барысында 16 мыңнан астам адам қаза болды. Мәліметті соғыс кезінде тексеру мүмкін болмай отыр.
Фото: ғаламтордан
Abai.kz