Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2548 6 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 13:33

Популист президенттер кімдер?!

Латын Америкасындағы Аргентинада әсіреоңшыл саясаткер Хавьера Милейдің, Еуропададағы Голландияда исламға жаны қас саясаткер Герт Вилдерстің өз елдеріндегі сайлауда жеңіске жетуі әлемдік саяси сахнадағы елеулі құбылыс ретінде назар аударып, қызу талқыға түсті.

Пікірлердің тоқ етері бір ауыздан қазіргі саяси бәсекеде популист саясаткерлердің көш бастап тұрғанын айтуда.

Венгрия президенті Голландиядағы сайлау туралы: «Өзгерістің желі есті», - десе, Американың алдынғы президенті Трамп: «Хавьера Милей Аргентинаны барынша қуатты етеді», - дейді.

Хавьердің желкілдеген шашына, өлермендігіне, ерсі қылықтарына қарап оған қарсыластары «жынды» деген атақ берген. Ол сайлауалды программасында песоның орынын долларға ауыстырып, орталық банкті, кейбір минстрліктерді күшінен қалдыруға уәде еткен.

Популизмге берген саясаттанушылардың анықтамасы да әртүрлі. Жинақтап айтқанда популизм қоғамды екі жікке, қарапайым халық пен шіріген элитаға бөлетін көзқарас деп қарайды. Ұлтшыл оңшылдардың бәрі «популист» десек қате болады екен. Популистер Солшыл саясаткерлер ішінен де шығады. Оған жарқын мысал ретінде Венесуэланың бұрынғы басшысы Уга Чавесты атайды. Ол саясатқа тосыннан келіп, Венесуэланың дәстүрлі екі партиялы саяси жүйесін өзгертіп, өле-өлгенше билікте қалған.

Үндістан үкімет басшысы Моди де популист саясаткерлердің алдынғы легінде екен. Ол билікке келгелі бұқара халық пен элитаның арасына от салып, діни түс беріп, бұдда дінін ұстанушыларды ғана нағыз бұқара деп, қалғандарын сырт адам санап келеді екен.

Түркия президенті Ердоған да популист саясаткерлердің бел ортасында келеді дейді. «Ол үнемі өзін әлсіздердің сөзін сөйлейтін күрескер ретінде көрсетіп жүр», - дейді сарапшылар.

Популист саясаткерлердің көшін Америкалық Трамп бастап тұрғаны белгілі. Ол келесі жылы сайлауда жеңіске жетсе, әлемде демократия кері кетеді деп қауіптенеді саяси сарапшылар.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292