Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1569 0 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 13:43

Үкімет коммуналды апаттар болмайды деп уәде берді

Фото ulysmedia.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елде суық күндері қандай да бір ірі коммуналды апаттар болмайтынын жеткізді. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі мәлімдеді.

"Толығымен шағын аудандарда, қалаларда жылумен қамтамасыз ететін қазандықта ірі апаттар болмайды деп сендіре аламын. Бұл мәселе біздің бақылауда. Жылулықтың бәрі қыс мезгіліне дайындыққа сай қалыпты жұмыс істеп жатыр", - деді Скляр 12 желтоқсанда брифингте.

Оның сөзінше, апаттар немесе технологиялық қателіктер желілерде болуы мүмкін, себебі "бұл проблемалар ондаған жылдар бойы жиналып келген".

"Ол проблемаларды 1-2 жылда шешу мүмкін емес. Бюджет, тариф мүмкіндіктері шектелген. Бірақ коммуналдық қызметтер мемлекеттік органдардың қолдауымен ондай апаттардың белгіленген мерзімде жоюға мүмкіндік береді", - деді Скляр.

Суық түскеннен кейін Қазақстанның кемінде жеті аймағында Жылу электр орталықтарында (ЖЭО) апаттар болып, мыңдаған адам жылусыз қалды. Атырауда бір тәуліктен бері су берілмеді. Елдің энергетика министрлігі Екібастұз, Ақтау, Көкшетау және Теміртау қалаларының жылу беру жүйелерінде проблемалар бар екенін растап, мәселені шешу жұмыстары жүріп жатқанын білдірді. Жергілікті тұрғындар жылу берілмеу, үйлері мұздап жатқанын айтады.

Былтыр қарашада Екібастұз қаласында Жылу электр станциясында апат болып, жүздеген үй мен әлеуметтік нысандар аязды күндері жылусыз қалған.

Бұл оқиғадан кейін жылу желілерінің ескіргені айтылып, инфрақұрылымды модернизациялау үшін тарифтерді көтеру керек екенін білдірген. Биыл жылу нысандарын жөндер үшін бюджеттен 37 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478