Сенбі, 5 Сәуір 2025
1523 1 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 14:04

Жамбыл облысында мыңға жуық үй жылусыз қалды

Жамбыл облысында түн жарымында магистральды газ құбыры жарылып, 5 елді мекендегі 980 үй жылусыз қалды.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдарының тұрғындары газсыз отыр.

Оған қоса осы елді мекендердегі 8 әлеуметтік нысан да жылудан ажырап қалды, деп жазды Kazinform.

Апат Гродеково ауылында түнгі 22:10 шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, құбыр қысым әсерінен жарылған болуы мүмкін. Қазір сала мамандары 20 метрден асатын құбыр бөлігін жалғап жатыр. Апатқа байланысты аймақта арнайы штаб құрылды.

«Жөндеу жұмыстары шамамен 4-5 сағат жүргізіледі деген ойдамыз. 10 жерден дәнекерлеу, жалғау жұмыстарын жүргізу керек. Әлеуметтік нысандардан 4 мектеп, 2 балабақша, 2 медициналық ғимарат жылусыз тұр. Оған байланысты жанар жағармаймен жұмыс істейтін арнайы құрылғы насостармен олардың жылу жүйесін айналдырып, қатып қалмау үшін әрекет жасалып жатыр», - дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібеков.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1524
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4252
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3151