Сенбі, 23 Қараша 2024
1651 0 пікір 14 Желтоқсан, 2023 сағат 11:14

Ильхам Әлиев бесінші рет президент сайлауына түседі

Келесі жылы 7 ақпанда Әзербайжан Республикасында кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Оған елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев те қатысатынын айтты. Ол президенттікке үміткер ретінде биліктегі Yeni Azərbaycan («Жаңа Әзербайжан») партиясынан ұсынылды. 

Бұл сайлау 2025 жылы сәуір айында болуға тиіс еді. Алайда Орталық сайлау комиссиясы сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы шешім қабылдады. Әзербайжанның Конституциясында президент болып сайлануға шектеу жоқ. Яғни, мемлекет басшысы өмірінің соңына дейін президент сайлауына түсе береді.

Ильхам Әлиев соңғы рет президент болып 2018 жылы төртінші рет сайланған. Ал жалпы ол Әзербайжанды 2003 жылдан бері елдің бұрынғы президенті Гейдар Әлиев қайтыс болғаннан кейін басқарып келеді. Ильхам Әлиев – Гейдар Әлиевтің екі баласының үлкені, жалғыз ұлы. Гейдар Алирза оғлының өзі елді 10 жыл басқарған.

АПА агенттігінің хабарлауынша, партияластарымен кездесудің бірінде Yeni Azərbaycan партиясы төрағасының орынбасары Таир Будагов «Қарабақты кім азат етсе, сол біздің мәңгі президентіміз болады» деді.

Ильхам Әлиев Әзербайжанның Армения басып алған жерлерін қайтарып алғаны үшін ғана мәңгі президент болуға әбден лайық. Әзербайжанның әр патриоты осындай көзқарас ұстанады, – деді ол.

Бұл пікірге Әлиевтің өзі әлі ештеңе деген жоқ. Халық та үндемей отыр. Әлиев келесі жылы президент сайлауына міндетті түрде қайта түсетінін ғана айтты.

Ильхам Әлиев билікті әкесі Гейдар Әлиевтен мұраға алған. Әйелі Мехрибан Әлиеваны Әзербайжанның вице-президенті етіп тағайындаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5471