"13 желтоқсанда сағат 20:16-да электр энергиясы өшіп, жылу электр орталығындағы төрт қазандықтың төртеуі де істемей қалды. Жұмыс режимі 20:34-те қалпына келтірілді" деп хабарлады энергетика министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, жылу электр орталығында №5, 6, 7, 12 қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталған, № 8, 11 қазандықтарды жөндеу жұмысы 58 пайыз біткен. Жөндеу жұмысы 20 қарашада бітеді деп жоспарланған. Ал іс жүзінде қазандық 20 желтоқсанда дайын болады.
"№ 9, 10 қазандықтарды жөндеу жұмыстары 50 пайызға аяқталды. Жоспар бойынша 30 қарашада бітуі керек еді. Іс жүзінде 2024 жылдың 30 наурызында бітеді деп жоспарланып отыр" делінген хабарламада.
Суық түскеннен кейін Қазақстанның кемінде жеті аймағында жылу электр орталықтарында (ЖЭО) апат болып, мыңдаған адам жылусыз қалды. Атырауда бір тәулік су берілмеді. Энергетика министрлігі Екібастұз, Ақтау, Көкшетау және Теміртау қалаларының жылу беру жүйелерінде проблемалар бар екенін растап, мәселе шешіліп жатқанын мәлімдеген. Жергілікті тұрғындар жылу берілмей жатқанын, тастай суық үйлерде тұрып жатқанын айтқан.
Abai.kz