Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1765 14 пікір 15 Желтоқсан, 2023 сағат 11:55

Ресей Қазақстанда 3 ЖЭО салатын болды

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісім жобасы жария талқыға шығарылды.

Құжатта Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан Үкіметі атынан қос елдің үкіметі арасындағы қағидалық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан аумағындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша келісімге қол қоюға өкілеттік берілетіні айтылады.

Жобаларды іске асыруға Қазақстан тарапынан тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын — «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы, ал Ресей тарапынан бас мердігердің функцияларын жүзеге асыратын — «Интер РАО» компаниялар тобына кіретін және өзінің қосалқы мердігері ретінде тиісті ұйымдарды тартуға құқылы «Интер РАО — Экспорт» ЖШС жауапты.

Жобаларды іске асыру мақсатында «ИНТЕР РАО — Экспорт» ЖШС келісімшарттар бойынша мердігердің функцияларын орындау үшін мамандандырылған жобалау компаниясын құруға құқылы.

Ал «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы келісімшарттар бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау үшін «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамына қатысты үлестес компания болып табылатын мамандандырылған жобалау компаниясын құруға құқығы бар.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz 

14 пікір