Сенбі, 23 Қараша 2024
2233 2 пікір 19 Желтоқсан, 2023 сағат 22:44

«Боратстан» һәм Akon-ның концертіндегі масқара

Қазақ қай кезде болмасын өнер адамын төбеге көтергенін тарихтан білеміз. Бірақ ол өнер адамы өз ұлтынан шыққан жампоздар болатынды. Орыстық Қызыл Империя бізге Батыстың тозық өнерін сыйға тартты. Бұрын қазақи сал-серілерді хош көретін қазақ бойжеткендері замана ыңғайына сай орыстық һәм батыстық поп мәдениеттің жетегіне кете бастады.

Тап осы орыстық һәм батыстық поп мәдениеттің жетегіне кетушілікке қазақ сазгерлері тосқауыл қойғанымен, бәрібір орыстанған һәм өз мәдениетінен жеріген қара көз қыздарымыз орысты шетке ысырып, енді ағылшын мәдениетінің байрағын көтеретін фантгүлдерге айнала бастады.

Біздің фанатгүлдердің ақшасын судай шашатынын білген Батыстық жұлдыздар ОА қара орыстанған еліне атбасын тіреуді дағдыға айналдырды. Бұл жолы біздің жініккен бойжеткендерді өзіне магниттей тартқан рэпер Akon әлемдік хитке айналған Smack That әнін айтқанда бұт киімдерін саханаға лақтырып, елді бір дүрліктірді.

Әп-сәтте «Тұрсыйлар патшасы» атанған рэпер Akon-ның қандай күйде болғанын білмейміз. Бірақ орыс тілді қазақ қыздары ұлтымыздың бетіне күйе жағып «Боратстан» атандырғаны жанға батады.

Abai.kz 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434