Хат тапсыру қылмыс па?
Ресей Қазақстан қоғамының қарсылығына, Үкіметтің келісіміне қарамастан 30-ншы қыркүйек күні кезекті рет «Байқоңырдан» зымыран ұшырды. Бұл – жаздағы апаттан кейін ұшырылған алғашқы зымыран.
Үкіметте үн жоқ. Билік бұғып қалды екен деп, қоғамдық күштер мен азаматтық қоғамның белсенділері әрекетсіз отырған жоқ. Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Әміржан Қосанов, Қасым Аманжолұлы сынды азаматтар бастап, «Халықтық альянс» коалициясының атынан БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның атына хат жазып, оны БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігіне апарып тапсырды. Хат тапсырған кезде сол жерге жиналған азаматтар хатта айтылған экологиялық мәселелерге қатысты сөздер жазылған ұранқағаздар ұстап тұрған. Бұл әрекетті жергілікті билік пен заң орындары рұқсатсыз акция өткізді деп есептеп, Мұхтар Тайжан мен Ермек Нарымбаевты әкімшілік жауапкершілікке тартып, екеуін де кінәлі деп тауып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды. Мұхтар Тайжанның соты бірнеше күнге шегеріліп, бүгін өтті. Ал, өзіміз куә болған Нарымбаевтың сотында куәлік еткен полиция қызметкерінің әрекеті – заң орындары қызметінің көтерем халде екенін сотқа жиналғандардың алдында тағы да бір рет айғақтады.

Жалпы, Қазақстан Ресей арасындағы саяси мәселелерге қатысты қарсылықтар күн санап өсіп келеді. Алайда, қоғамның қарсылығына қарамастан Қазақстан билігі Ресеймен байланыс мәселесін тереңдетіп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың көкейіне үрей ұялатуда.
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунға
БҰҰ және өзгеде халықаралық ұйымдар адам құқықтары негізінде адамның жақсы өмір сүруі мен денінің сау болуы мақсатында экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешу жолдарын қарастыруды үнемі басты назарда ұстап келеді. Экологиялық мәселе – Қазақстанға да қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау ҚР-ның әр азаматының парызы екенін ескеріп және Орхус конвенциясындағы қоғамның экологиялық құқығы, қоғам мүшелерінің маңызды экологиялық шешімдер қабылдауға қатысуы туралы негізгі анықтамаларды назарға ала отырып, Сізді Қазақстанда «Халықтық аляьнс» азаматтық коаолициясы құрылғандығынан хабардар етіп, және оның қоғамдық, экологиялық өзекті мәселерді шешу үшін төмендегідей сұрақтары бар екендігін мәлімдейді:
- ҚР мен РФ арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағына қатысты келісім шартта қайта қарау және және ғарыш кемесіне гептил отынын пайдалануға тыйым салу.
- Қазақстан территориясындағы Ресей Федерациясының барлық әскери полигондарын жабу.
- Қазақстан территориясында АЭС салуға тыйым салу.
- Ядролық отын банкін Қазақстанда сақтаудан бас тарту.
Қазіргі уақытта «Халықтық асляьнс» ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардан ҚР Үкіметіне мен Парламентінің атына қол жинап жатыр.
Жоғарыда келтірілген жайттарға орай, баршаға ортақ адам құқықтары негізінде адамның жақсы тұрмыс кешіп, денінің сау, ауасы таза қоршаған ортада өміруге қақылы екенін ескеріп, Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, Қазақстан билігіне ұлттық заң жобасы мен халықаралық келісімдерді жасау керектігі туралы кеңес беру қажет деп санаймыз.
Кейінгі кезде БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылғаны жөнінде зерттеу жүргізіп жатыр. ДСҰ-ның күшімен Қазақстандағы «Капустин Яр», «Азғыр», «Тайсойған», «Байқоңыр», «Ембі», «Сарышаған», «Сарыөзек» сияқты Ресей полигондарында ядролық және химиялық қару қолданысына қатысты зерттеу жүргізуді сұраймыз!
«Халықтық аляьнс» мүшелері:
Мұхтар Тайжан
Айдос Сарым
Әміржан Қосанов
Қасым Аманжолұлы
Abai.kz