Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 4457 0 пікір 21 Желтоқсан, 2023 сағат 14:24

Қызықты 10 дерек: Бұл Жапония - қай Жапония?

Екінші дүниежүзі соғысы кезінде Жапонияның өндіріс орындарының 40 пайызы қирап, ауыл шаруашылығы тұралап қалады. Осы кезеңде жеңіске жеткен америкалықтардың озық техникасы мен едәуір сапалы тауарларын көрген жапондықтар АҚШ-ты қалайда басып-озу мақсатын алға қояды. Ендігі жерде сапалы біліммен ғылым-техниканы дамыту концепциясы негізінде жаңа экономикалық даму үлгісіне көшіп, оны жүзеге асырады.

Қысқасы, қазір Жапония туралы сөз еткенде біздің көз алдымызға дамыған,  өркениетті ел келеді. Бұл мемлекет кемелденген, сапалы оқу-ағарту жүйесін қалыптастырумен бірге, кемелді заңды да жасап шыққан. Мәселен, біздің қоғамда «әдепсіздік» саналатын жағымсыз әдеттер оларда қылмысты іс саналып, қоғамдық орында «әдепсіздік» істегендер қылмыстық жауапкергшілікке тартылып, заңмен жауапқа тартылады.

Олай болса оқып көрелік, біз «әдепсіздік» деп жүрген қылмыстарды олар қалай жазалайды екен.

1. Кезекке қысылу

Жапония заңында ұсақ-түйек істерге де нақтылы белгілеме жазылған. Оларда кезекте тұрғандар арасына қысылып кірген адам заңмен қатаң жазаланады. Жапонияның «Жеңіл қылмысты істер заңының» 1-бабының 13-тармағында кезекке қысылып кіріп алған адамның қылмысының ауыр-жеңіліне қарай 1 миллион йенадан (1 йена – 3,19 теңге) төмен айыппұл салынады, егер қылмысы  одан ауыр болса 24 сағат қамалады деп жазылған.

2. Таксиде құсу

Жолаушы қаншалық ішімдікке сылқия тойып алса да тахсидің ішінде құсуына болмайды. Егер жолаушы тахсиге құсып қойса заңға қайшылық жасаған болады. Сол себепті тахсидің ішінде құсып қою Жапонияның ақы талап ету заңына сай «келісімшартты заңсыз бұзды» деп саналып, айыппұл салынады және оған тахсиды жуып-тазалау ақысын төлеуді бұйырады.

3. Дуэльге шығу

Жапондықтарда еуропалықтар секілді дуэльге шығу әдеті тарихтан бар. Алайда бүгінгі Жапонияда жекпе-жекке шығу былай тұрсын, екі адамның дауыстап сөйлескенін, ұрысқанын естімейсіз және көрмейсіз. Жапонияның қоғамдық тәртіп заңында, мейлі қандай себептен болсын, күш көрсету мен жекпе-жекке шығу «дуэль заңына» қайшылық жасалған болып, 6 айдан жоғары, екі жылдан төмен мерзімді қамау үкімі шығарылады.

4. Бақшада түкіру

Жапонияның «Жеңіл қылмыс заңында», бақшада және басқа қоғамдық орындарда түкірсе мың йенадан жоғары, 10 мың йенадан төмен айыппұл салынады. Оған қоса бұл қылмыстық іс ретінде тіркеуге алынады. Егер түкірген кезіңізде ұсталып қалсаңыз жеке архивіңізге «қылмыс өткізді» деп жазылады. Одан да жаманы сіздің архивіңіздегі «қылмысты ісі бар ма, жоқ» деген түріне «бар» деп жазады. Адам өлтіргенбе, қыз зорлағанба, ұрлық жасағанба және жерге түкіріп қойғанба дегендей себебін ескертіп жазып қояды.

5. Араққа зорлау

Жапонияның «Арақ ішіп қоғам тәртібін бұзу» заңының 2-ші бабында, арақ ішуге мәжбүрлегендер 48 сағат қамалады және 10 мың йенаға дейін айыппұл салынады. Арақ ішуге мәжбірленген адам көлік жүргізсе немесе арақтың кесірінен жаңжал шығарса, араққа зорлаушыға ұқсас қылмыс өткізген есептеліп жазаланады делінген.

6. Қоқсықты белгіленген уақыт бойынша тастамаса

Әр мөлтек аудан КСК-сының қоқсықты түрге бөліп тастау ережесінде: дүйсенбі күні – жанатын қоқсықтарды, сейсенбі күні – жанбайтын қоқсықтарды, ал сәрсенбі күні шыны, әйнек, құмыраны тастау керек деп анық жазылған. Егер тұрғындар осы белгіленген күндері, қоқсықты түрге айырып тастай алмаса Жапонияның «Керексіз заттарды біржайлы ету заңының» белгілемесіне қайшылық істеді деп саналып, қылмысының ауыр-жеңіліне қарай 5 жылдан төмен қамау жазасы және оған қоса 10 миллион йенаға дейін айыппұл салынады.

7. Қайтарылған артық ақшаны алып кету.

Жапонияда дүкен немесе базардан нәрсе-керек зат сатып алғанда (сатушы майда, ұсақ ақшаны қайтарғанда) тұтынушы ақшаның артық қайтарылғанын біле тұрып, білмеске салынып алып кетсе, Жапонияның ақы талап ету заңы бойынша алдау қылмысы деп қаралып, қылмысының ауыр-жеңіліне қарай айыппұл салынады, тіпті кейбіреуі түрмеге тоғытылуы мүмкін.

8. Столбыға жармасу

Жапонияның ақы талап ету заңында столбыға жармасқандар сөзсіз  электр энергия мекемесінің жауапты қызметкері болуы керек. Мұндай салауатқа ие еместер столбыға жармасса «өз құзырында болмаған жұмысқа заңсыз араласты» деген қылмысқа тартылып, оған айыппұл салынады. Егер кең көлемді электр энергиясының тоқтауына себепші болса, одан келіп шыққан шығынды түгел төлетеді және бір жылға таяу уақыт қамауға алынады.

9. Арақ ішіп көлік жүргізу

Арақ ішіп көлік жүргізу қылмысты іс саналып, Жапонияның «Көлік жүргізу заңы» бойынша арақ ішіп көлік жүргізіп ұсталғандардың  куәлігі автоматты түрде күшін жояды және жүргізушіге он жылға дейін мүдетті қамау жазасы беріледі, оған қоса бір миллион йена айыппұл салынады. Сондай-ақ үш жылдан он жылға дейін қайта жүргізуші куәлігін алуына жол берілмейді.

10. Оңтүстік үйекке рұқсатсыз баруына болмайды.

Таяу жылдан бері Оңтүстік үйекке баратындардың қатары көбеюде. «Әлемдегі ең соңғы таза мекен» саналатын бұл үйек әр қайсы елдің назарын аударып келеді. Жапония саналы түрде белсенді қолдап келе жатқан  елдердің бірі. Жапонияның «Оңтүстік үйекті қорғау заңында» жапон халқы Оңтүстік үйекке бармақшы болса міндетті түрде қатысты органдарға өтініш жазуы керек. «Оңтүстік үйікті асырау білімдері» туралы курстарда арнаулы тәрбиелейді, нәтижесі талапқа сай болғандары ғана Оңтүстік үйекке баруына рұқсат етіледі. Егер қатысты органдардың рұқсатынсыз Оңтүстік үйеке барғандар болса, оған 500 мың долларға дейін айыппұл салынады және қатаң ескерту беріледі.

Жапондықтардың бала жастан әдепті, тәртіпті, білімді, мәденитетті болуының себебін осыдан-ақ білуге болады. Заң қатаң болған жерде адамдар өзі жасап отырған ортасын, табиғатын қадірлейді, экелогиясын саналы түрде  қорғайды. Қазақ атам «Баланы жастан, қатында бастан» деп бекер айтпаған ғой. Егер әрбір адам ұрпағын саналы түрде тәрбиелей алса, отбасында жақсы өнеге алып өскен ұрпақ жаман болмайды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, баламызды отбасынан бастап моральды, білімді, мәдениетті ұрпақ болып ержетуіне негіз қалай білейік. Бірақ әділ заң үстемдік құрған жерде тәртіп те, мәдение те болатынын естен шығармайық!

Дайындаған Әлімжан Әшімұлы 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264