Сенбі, 23 Қараша 2024
1413 1 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 13:17

Елордада апатты үйлерден 4,7 мың адам көшірілмек

Астана қаласында апатты үйлерден 4 710 адамды көшіру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

«Құрылыс саласы елорда экономикасының негізгі драйвері болып қала береді. Қазіргі уақытта 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша азаматтардың әртүрлі санаттары үшін 5200 пәтер беру туралы міндет қойдық», - деді елорда басшысы.

Жоспарланып отырған пәтерге ие болушылардың қатарында жетім балалар, көпбалалы аналар, әлеуметтік осал азаматтар мен жұмыс істейтін жастарға баса назар аударылғаны анықталды.

«Қазір құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Келесі жылдың басында – қаңтар айында кезекте тұрғандар өз үйлеріне кіреді. Сонымен бірге Астанада реновация бағдарламасы бекітілді. 2029 жылға дейін 206 апатты үйден 4 710 тұрғынды көшіру жоспарланған. Бұл жұмыс басталып кетті. Биыл 400 пәтер осындай азаматтарға берілсе, келесі жылы – тағы 700 пәтер. Әрі қарай жылына 1 мың пәтерден беріледі деп жоспарлап отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қорытынды есеп беріп жатыр.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371