Сенбі, 23 Қараша 2024
1624 1 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 14:10

Прилепиннің сандырағы: Өзбек СІМ Ташкенттегі орыс елшісін шақыртты

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) "Әділетті Ресей – Шындық үшін" партиясының тең төрағасы Захар Прилепиннің мәлімдемесіне байланысты Ташкенттегі орыс елшісі Олег Мальгиновты шақырды.

Прилепин қоғамдық іс-шаралардың бірінде Өзбекстан аймақтарын Ресейге қосып алуды ұсынған.

"Кездесуде елшіге ойбанбастан айтылған мәлімдемелер Өзбекстан мен Ресейдің тарихи жостық келісіміне кесірін тигізуі мүмкін екені жеткізілді. Өз кезегінде Мальгинов Ресей Өзбекстанның егемендігі және аймақтық бүтіндігіне ешқашан күмән туғызбағанын айтты", - деп жазылған өзбек СІМ-нің ресми мәлімдемесінде.

Бір күн бұрын Захар Прилепин Ресейдегі мигранттар мәселесін елге жаңа аймақтарды қосып алу арқылы шешсе болатынын жеткізген. "Бізге гастарбайтерлер келіп жатқан аймақтарды қосып алып, адамдарды сол жерлерде, мысалы Өзбекстанда оқыту керек деп есептеймін", - деген Прилепин.

Ол сонымен бірге Украинадағы соғыста ықтимал жеңіске жеткеннен кейін Ресейге бұрынғы СССР аймақтарын талап етуге ешкім тыйым сала алмайнын айтты.

"Мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Біз бұл тақырыпты көтереміз. Өз кезегінде бұл бізге қалаған уақытта "Біздің екі миллион азаматымыз сіздердің аймақта жүргендіктен, біз бұл аймақты талап етсек болады" деп айта аламыз", – деген Прилепин.

Захар Прилепин — Еуропа одағының санкция тізіміндегі адамдардың бірі. Ол кезінде жікшілдер "Донецк халық республикасы" деп аталған аймақтағы командирлердің бірі болған.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5372