Қоғам атынан депутаттарға алғыс хат
Құрметті халайық!
2023 жылдың 19 наурызында Қазақстанда үміткерлердің 70%‑ы партиялық тізіммен, 30%‑ы бір мандатты округтерден сайланатын кезектен тыс Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесінде отыз жылдан астам ұлттық мүдде үшін күрескен бірқатар танымал азаматтар Мәжіліс депутаты атанды. Бұл Қазақстанның жаңа тарихында елеусіз күй кешкен Мәжілісте «тіршілік нышанын» оятты, халықтың депутаттарға деген сенімін арттырды. Халық өздерінің өткір мәселелерімен депутаттармен бөлісе бастады.
Әрине, депутаттарға қатысты бұрынғы қалыптасқан қоғамдық пікірді өзгерту оңай болған жоқ: парламентке халықтың үкілі үмітін арқалап барған депутаттар кейде жаға жыртысты, кейде сынға ұшырады. Бірақ, олар өздерінің азаматтық позицияларынан ауытқымады. Табандылықпен, авторитарлық билік кезінде әбден қордаланып, қоғам көкейінде тұрған сұрақтарды қоя білді. Жәй ғана қоя білген жоқ, сұрақтарды бұрынғының әділ билеріндей шешендікпен, дана билеріндей көрегендікпен жеткізе алды. Халық парламентаризм мәдениетіне үйрене бастады, мемлекетілігін сезінуге және қазіргі заман парадигмасына айналған «Әділетті Қазақстан» ұғымының мазмұнына бет бұрды.
Осы өзгерістерге қол жеткізуге тікелей ат салысып, «шынайы халық қалаулысы» деген бейресми құрметке ие болған бірқатар депутаттарға жыл соңына қарай қоғам атынан «Қоғамдық алғыс» айту – Әділетті Қазақстанда тұрақты үрдіске айналуы тиіс дейміз. Сондықтан бүгін біз төмендегі аты аталған депутаттарға тәуелсіздік таңында тұрған Желтоқсаншылар атынан «Қоғамдық алғыс» жариялаймыз:
1. Иса Қазыбек Жарылқасынұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
2. Бапи Ермұрат Сейтқазыұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
3. Заитов Ринат Рифхатұлына – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
4. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
5. Базарбек Бақытжан Жұмабекұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
6. Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
7. Құспан Абзал Темірғалиұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
8. Жанбыршин Еділ Терекбайұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы.
9. Толықбаев Мақсат Мәлікұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
10. Мұқаев Дәулет Төлеутайұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
11. Саиров Ерлан Бияхметұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
12. Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
13. Алтай Аманжол Дүйсенбайұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
14. Қошанов Ерлан Жақанұлына – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің Төрағасы.
Қазақ деген ежелден өрісі бөлінсе де, ырысы бөлінбеген халық еді. Сондықтан біз де осы осы дәстүрден ауытқымай, жоғарыда аты аталған депутаттарымызды бөле‑жармай бірге атадық. Ал, олар көтерген, қоғамда қолдау тапқан сұрақтар мыналар деп атап көрсетеміз:
- Тәуелсіздік алған отыз жылдан астам уақытта Тәуелсіз Қазақстанда мемлекет құрушы Қазақ халқының тілі – Қазақ тілінің іс жүзінде «мемлекеттік тіл» мәртебесіне қол жеткізе алмағандығы, «Мемлекеттік тіл туралы» атты жаңа заң қабылдау қажеттігі туралы өткір сұрақтар;
- Тәуелсіздік бастауында Қазақстан өзінің даму мүмкіндігі бойынша әлемдегі көп елдерден оқ бойы озық тұрды. Ал, қазба байлығы жөнінен әлемде Қазақстанға тең келер мемлекеттер некен‑саяқ десе болатындай еді. Бірақ, өкінішке орай, Қазақ елі ондай мүмкіндігін жоғалтып алды – халыққа тиесілі қазына талан‑таражға түсті, активтері заңсыз жолдармен шет елдерге шығарылды. Сондықтан, осы әділетсіздікті жойып, халық қазынасын елге қайтару, қазынаны ел мен жердің, мемлекетіміздің игілігіне жұмсау туралы өткір сұрақтар;
- Қазақ халқы өзінің ұлттық болмысы тұрғысынан ежелгі номадтардың тікелей мұрагері еді. Соған сай халық та ұжымдық өмірге бейімделген, сөзге тоқтаған, көшбасшысына сенгіш, ниеті таза, пейлі ақ болды. Алайда, осындай жасампаз халықты жеке бас мүддесін көздеген авторитаризм «өз қалыбына» салуға күш салды. Нәтижесінде халықтың басына төл болмысынан, салт‑дәстүрінен ажырау қаупі төнді. Ол діни және мәдени азушылықтан, ұлттық іргетас шайқалуынан, ғылым‑білім тоқырауынан, қоғам тұтастығы сөгілуінен, экономиканың құлдырауынан және т.т. көптеген бағыттардан көрініс тапты ‑ депутаттар осы сұрақтарды өткір қоя білді;
- Әділетсіздік – қазақ жаны өте ауыр қабылдайтын қылық ‑ сондықтан қазақ «Атасы өлгенді де естіртеді» дейді. Бүгінде бұл сұрақ қоғам үшін өзекті мәселеге айналды. Оған депутаттарға жер‑жерден әділетті талап еткен хаттардың көптеп келуі дәлел. Бүгінгі алғыс иелері атанған депутаттар осы мәселені үнемі көтеріп, елдің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына, экология мәселелеріне көңіл бөлуде. Сөйтіп, олар мемлекет басқару принциптерін парламенттік жолмен әділеттілікке қарай бұруға қызмет ететін өткір мәселелерге қозғау салуда. Одан өзге түйткіл сұрақтар да жеткілікті. Мәселен, оның қатарына болашақта қойылуы тиіс «Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға берілетін саяси баға мен статус» деген сұрақты да жатқызуға болады деп санаймыз.
Жоғарыда аталған мәселелердің бәрі еліміздің, жеріміздің, жалпы – Қазақстан халқы мен оның мемлекеттілігінің болашағына бағытталған. Қоғам оны сезіп‑біліп отыр. Сондықтан, Жаңа жыл қарсаңында Мәжілісте халық назарында болып, бүгінгі аты аталған депутаттарға және парламентте қоғам үнін жеткізуші депутаттарға қолдау білдіріп, оларды ынталандырып отыратын Мәжіліс төрағасы Қошанов Ерлан Жақанұлына «Қоғамдық алғыс» айтамыз. Оларға денсаулық, күш‑қуат, береке тілейміз!
(Сөз соңында – «Қоғамдық алғыс» есігі барлық депутаттар үшін әруақытта ашық екенін еске саламыз).
Қоғам атынан қол қойғандар:
Құрымбаев Болат Тоқтабайұлы – Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Абаған Мұхтархан Мамырбекұлы – Халықаралық Кенесары хан Қоғамдық Қорының төрағасы;
Сертеков Бақытжан Бейсекұлы – Ұлы дала қоғамдық ұйымының, Бәйдібек баба атындағы Қордың төрағасы;
Жәкей Ғабиден – Академик жазушы Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық Қордың төрағасы;
Қарашин Бекет Мұқанәліұлы – философ-ақын, жазушы, академик Зейнолла Қабдолов атындағы Қордың төрағасы (Атырау қаласы);
Имашұлы Шахмет – ҚР Кино қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;
Құлментегі Махмұт – Түркі әлемі ұстасы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;
Бәкірұлы Әбдірашит – ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Ақсақалдар алқасының төрағасы, Қоғамдық «Алмас қылыш» силығының иегері;
Есіркепов Болат –Республикалық «Ғұмырдария» балалар Орталығының Бас продюссері;
Малаев Мурат Косдаулетович – ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Алматы қалалық филиалының төрағасы;
Тойшыбаев Изтилеу - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Алматы облыстық филиалының төрағасы, Қонаев қаласының Құрметті азаматы;
Нихамбеков Арапбек Карабекович - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы;
Мадиева Айсулу Турсынбаевна - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Астана қалалық филиалының төрағасы;
Бейсенбай тегі Руза Зайкенқызы - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының төрағасы;
Кажимов Боташ Мурзагалиевич - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Солтүстік-Қазақстан облыстық облыстық филиалының төрағасы;
Ерден Тулеген Гибратулы - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Ақмола облыстық филиалының төрағасы;
Конарбаев Санат Бактыкулович - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Жамбыл ооблыстық филиалының төрағасы;
Оспанова Гульмира Болатовна - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Шымкент қалалық филиалының төрағасы;
Алжанова Сажида Жаксиликовна - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының төрағасы;
Аюпов Гани Советбекович - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Наурызбай аудандық филиалының төрағасы;
Құлтаев Бахарам Ілиясұлы - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;
Көшмағанбетов Жасер Серікұлы - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы;
Айтжанова Айша ‑ ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалының құрметті төрағасы;
Тортаева Умит Балтабековна - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Жетісу облыстық филиалының төрағасы;
Туленова Венера Маулетовна - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Атырау облыстық филиалының төрағасы;
Аубакиров Талгат Сайлауовна - ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Абай облыстық филиалының төрағасы;
Абдираемов Әбдіжаділ – Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қайыңды ауылының түрғыны, зейнеткер;
Даиров Рамазан Жаңбырұлы – Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер, ҚР Еңбек сіңірген құрылысшысы.
Abai.kz