Жұма, 22 Қараша 2024
1464 0 пікір 27 Желтоқсан, 2023 сағат 15:30

Павлодар облысында көкжөтел дерті көбейген

Былтыр бұл жұқпалы ауру бойынша сырқаттанушылық тіркелмеген,деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.

«Биыл облыста көкжөтел жұқтырудың 30 дерегі тіркелді. Ауру жұқтырғандар ішінен 28-і екпе алмаған болып шықты. 2022 жылы бірде-бір науқас болмаған. Аурудың күрт көбейіп кетуі екпеден бас тартумен байланысты болып отыр. Баланы көкжөтелден тек екпе арқылы қорғауға болады», – деді Батырбек Әлиев

Көкжөтелге қарсы ресейлік жасушасыз вакцинасы пайдаланылады. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екі айлық жастан бастап барлық балаларға көкжөтелге қарсы егіледі. Ревакцинациялау алты жаста жүргізіледі.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320