Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1537 0 пікір 4 Қаңтар, 2024 сағат 13:17

«Алматыэлектротранс» компаниясының экс-басшысына іздеу жарияланды

«Алматыэлектротранс» компаниясының бұрынғы басшысы Берікхан Мырзакәрімовке іздеу салынды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында  жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, Мырзакәрімов Берікхан Қабиұлына Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің іздеу жариялағанына  8 күн болған.

Бұған дейін Telegram-арналардың бірінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 189-бабы бойынша «Алматыэлектротранс» ЖШС бұрынғы бас директоры Берікхан Мырзақәрімовке (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарланған еді.

Айта кетейік, Берікхан Мырзакәрімов 2021 жылдың ақпан айында «Алматыэлектротранс» ЖШС-ға басшы болып келген болатын.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 682
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2681
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1724