Сенбі, 23 Қараша 2024
1336 0 пікір 5 Қаңтар, 2024 сағат 15:40

Алматыда 20-дан астам ашық мұз айдынына кіру тегін

Жаңа жыл қарсаңында Алматының тұрғындары мен қонақтары үшін жиырмадан астам мұз айдыны ашылған болатын. Қазіргі таңда оның он екісі тегін жұмыс істеп тұр. 

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда келесі мекенжайлар бойынша сегіз мұз айдыны жұмыс істейді:

Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында;

28 Панфиловшылар саябағы;

Тұңғыш Президент саябағы;

Орталық стадион;

М. Әуезов атындағы театр;

Н. Сац атындағы театр;

"Гүлдер" саябағы;

№6 Оқушылар Үйі.

Қалған мұз айдындары ауа райының жылылығына қарай іске қосуды мұздар дайын болғанда жоспарламақ:

Шухов көшесіндегі саябақ;

"Авиатор" стадионы;

Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында;

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.

Мұз айдындарына кіру – тегін.

Өзіңіздің жеке конькиіңіз болмаған жағдайда жалға беру пункттері жұмыс істейді. Екі сағаттық жалға алу құны – 1000 теңге. Конькимен сырғанау – толығымен тегін.

Жалға беру пункттерінің жұмыс күндері таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді.

Еске саламыз, қалада келесі мекенжайлар бойынша 9 жеке ақылы ашық мұз айдыны жұмыс істейді:

"Алматы Арена" мұз сарайы аумағында;

"MEGA Park" СОО аумағында;

Жандосов көшесі-Ыкылас көшесінің қиылысында;

"Есентай мол" СОО аумағында;

Villa dei Fiori аумағында;

"Халық Арена" мұз сарайы;

"Арман" кинотеатры;

"Alem park" отбасылық демалыс саябағының алдында;

Aport Mall СОО аумағында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377