Сенбі, 23 Қараша 2024
1227 2 пікір 8 Қаңтар, 2024 сағат 13:06

Такси жүргізушілерінің тек қолма-қол төлем жасауды талап етуі заңсыз

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі такси жүрзішілерінің тек қолма-қол төлем жасауды талап етуіне қатысты cұраққа жауап берді. 

Жылдың басынан бастап қолма қол ақша іздеп әлек болғандардың саны артуда. Тіптен енді такси жүргізушілері де онлайн төлемнен бас тартып, қолма қол ақша талап етуде. Ал бұл әрекеттер заң жүзінде негізсіз болып табылады.

Тұрғындардың сауалына:

"Егер азамат такси қызметін көрсететін болса, сәйкесінше ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Такси агрегаторлары арқылы, арнайы қосымшалар арқылы тіркеле алады. Әрқайсысының өзіндік пайыздары бар. Жеке кәсіпкер ретінде e-Salyq Business немесе Яндекс таксиде тіркеліп, басқа әлеуметтік төлемдермен бірге ай сайын бір пайыз төлей алады. Енді салық міндеттемелерін орындау жеңілдетілді. Сонымен қатар төлем қабылдау үшін QR кодтарын орналастыру да еш қиындық тудырмайды", – деп жауап берді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық-түсіндіру бөлімі және байланыс орталығының басшысы Айжан Бекеева.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377