Сенбі, 23 Қараша 2024
1184 1 пікір 8 Қаңтар, 2024 сағат 13:26

Отбасының шырқын бұзушылар оқшауланады

Елімізде адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров мәлім етті.

«2023 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен (№ 409) бекітілген «Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл» жоспары бекітілді. Соның негізінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева және Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шараларды күшейту жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленді», — деді Ренат Зұлхайыров ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, түзетулерге сәйкес денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр.

«Құқық бұзушының мінез-құлқына, өз-өзін ұстауына талаптар қойылып, қажет жағдайда әлеуметтік бейімделу орталықтарына жіберу қарастырылып жатыр. Сондай-ақ күш көрсетушінің психокоррекциялық курстардан өтуі қарастырылған. Жоғарыда аталған талаптар қылмыстық кодекс шеңберінде белгіленеді», — дейді министрлік өкілі.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371