Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3903 0 пікір 24 Қыркүйек, 2013 сағат 05:05

Маңғыстаудағы мәдени қорықтың маңы қоршалмаған

Қарағандылық ғалымдар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Маңғыстау түбегіне аттанды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Археолог, этнограф мамандардан құралған топ аймақтағы көне тарихи-мәдени орындарды аралап, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасып қайтпақ, деп хабарлады 24 KZ.
«Еліміздегі 9 тарихи-мәдени қорықтың бірі Маңғыстау жерінде орналасқан. Оның басым көпшілігінің маңы қоршалмаған», - дейді Ұлытаулық экспедиция мүшелері. Оларды осы мәселе қатты толғандырады. Келешекте тарихи жерлер жойылып, одан мүлдем айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы.
«Жалпы Республика бойынша қорық мұражайларының проблемасы бар. Қорық мұражайларының жер телімдері толық анықталмаған. Дүниежүзіндегі тәжірибеге қарасақ, Ресейде, Еуропаның алдыңғы дамыған мемлекеттеріндегі қорық мұражайларына алдымен жер бөлінеді. Біз ескерткішті сақтамасақ, маңайын қоршамасақ, сонда ол жерлерге темір жол өтіп жатса, мұнай құбырлары қазылса, қалай біз кейінгі ұрпаққа аманат қылып қалдырамыз», - деді «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы мұражайының директоры Бахтияр Қожахметов.
Кеңес дәуірінде табылған көне археологиялық ескерткіштер де өз деңгейінде қорғалмаған. Бұл орындар әлі де зерттеуді қажет етеді. Экспедиция тобының пікірі осы. Маңғыстаулық әріптестерімен осы құнды деректерді сақтап қалу жолдарын талқылады.

Алдағы уақытта зерттеушілер жұртшылыққа туризмді дамытута өз үлестерін қосып, кеңінен насихаттауды көздеп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303