Сенбі, 23 Қараша 2024
1051 0 пікір 9 Қаңтар, 2024 сағат 14:56

Костенкодағы апат: Кінәлі болуы мүмкін тұлғалардың аты аталды

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов үкіметтік комиссия нұсқасы бойынша, Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі болуы мүмкін басшыларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан соң министрге: "(Костенко шахтасындағы апатқа байланысты - еск.) қорытындыда жұмыс берушілердің 100 пайыз кінәсі болғаны жазылған. Заң бұзған 28 адам анықталды. Олар кімдер? Бұл тағы қарапайым жұмысшылар ма?" - деген сұрақ қойылды.

Сырым Шәріпханов апатқа қарапайым кеншілердің кінәсі болмағанын жеткізді.

"Сұрағыңызды түсіндім. Бұл қарапайым қызметкерлер емес. Бұл - инженерлік-техникалық ұжым. Олар осы жұмысқа жауапты. Бұл - жауапты басшылар. Материалдар тергеу органдарына тапсырылды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізеді және сот олардың кінәсін анықтайды. Мен 28 адамның айта алмаймын. Жазбаша жазып берейік. Бірақ АМТ бас директор Яблонский, ұжым жөніндегі директор Винокурова, АМТ Көмір департаментінің атқарушы директоры Белый мырза, оның орынбасары Огай және тағы басқа басшылар бар", - деді ведомство басшысы.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402