«ҚазМұнайГаздан» дивиденд алу – жалған жарнама
Алматы прокуратурасы "ҚазМұнайГаз" жаңа инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнамаға" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтаған.
"Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Abai.kz