Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2031 13 пікір 9 Қаңтар, 2024 сағат 18:24

Қайрат Дәуітқұлов: «Сын сәтте мемлекет басшысы дұрыс шешім қабылдады»

Осы айдың басында қасіретті қаңтар оқиғасына екі жыл толды. Тарихи оқиға қарсаңында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беріп, сол күндерді есіне алды. Қоғам белсендісі, әрі ағартушы, философ Қайрат Дәуітқұловтың айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сұхбатында мемлекетіміз үшін аса маңызды саналатын өзекті мәселелерді көтерген.  Енді қоғам белсендісінің пікіріне назар аударсақ. 

- Бәрімізге белгілі, соңғы 30 жылдың ішінде елімізде қордаланып қалған ірі мәселелер туындады. Ол саясат жағынан, экономика жағынан, әлеуметтік жағынан, қай жағынан алсақ та үлкен мәселелер, шұғыл шешімді қажет ететін сұрақтар еді. Осы мәселелерге байланысты президентіміз өзінің көзқарасын, өзінің жалпы жүргізіліп отырған саясатын ашық, толықтай көрсеткен екен. Осы саяси мәселелер жайлы, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге байланысты толыққанды сұхбат берген екен.

Иә, 30 жыл ішінде бәрімізге белгілі біздің мемлекетімізде саяси билік бір тұлғаның қолында болып, былай алғанда диктаторық жүйе болды. Барлығы бір адамның шешіміне, бір адамның көңіл күйіне байланысты болғаны рас. Өкінішке қарай, бұл біздің тарихымызда болған жағдай. Терең тамыр алып, әбден барлық қоғамның салаларына дендеп еніп кеткен жемқорлық, сыбайластық жүйе, әрине, қысқа уақытта өзінің позицияларын беруі мүмкін емес. Ол өте үлкен мәселе. Бұл біраз еңбекті, көп уақытты талап ететін дүние. Сол саясаттың салдарынан біздің халқымыздың әлеуметтік жағдайы және саяси сауаттылығы, жалпы сауаттылығы, экономикалық сауаттылығы, қай жағынан алсақ та төменгі деңгейде болып қалды. Бұл жерде әрине, халықтың кінәсі жоқ. Бұл - арнайы жүргізілген саясаттың салдары. Солай саясат жүргізілді, халықты қараңғылықта ұстау, жұрттың бәрін өзіне бағындырып ұстау үшін барлық әрекеттерді, барлық технологияларды пайдаланды, соның ішінде әсіре діншілдік.

Оның көрінісі осы соңғы қаңтар оқиғасы. Ол мәселеге де президентіміз өзінің бағасын берген екен. Мен толықтай келісемін. Қарапайым халықтың ашу-ызасын келтірген, сол бұрыннан қалыптасып қалған коррупциялық жүйенің 30 жылда жүргізген саясаттың салдарынан шешімін таппай қалған, қордаланып қалған мәселелер, әрине, қарапайым халықтың ашу-ызасын тудырды, оларды ереуілге шығуға итермеледі халықты. Ал сол сәтті өте өздеріне тиімді пайдалануға тырысқан ескі жүйенің адамдары жылы орында отырып алған. Мемлекеттің әрбір мемлекеттік органдарда, мемлекеттік үлкен кәсіпорындарда жылы орындарда отырып алған азаматтар өзінің сол жылы орнынан айырлғысы келмегендіктен олар осы сәтті пайдаланып, билікті ауыстырмақ болды. Өздеріне тиімді, өздеріне керекті, былай айтқанда көтеріліс жасап, билікті төңкеріп тастағылары келді. Бұл өте шешуші сәт болды біздің мемлекетімізде. Сондықтан президент бұл сәтте, сондай бір тез арада батыл шешім қабылдауға мәжбүр болды. Онсыз біз мемлекетімізден айырылып қалатындай жағдай туындаған еді. Өйткені ондай бүлік біздің мемлекетіміз үшін өте үлкен ауыр жағдайға алып келер еді. Себебі біз геосаяси жағынан алсақ та үлкен алпауыт мемлекеттердің арасында отырмыз. Үлкен алпауыт мемлекеттердің біздің ішкі экономикамызда да олардың өздерінің үлес салмақтары бар еді, сондықтан қызығушылықтары болды. Көп жағдайда олардың негізгі мақсаттары біз сол шикізат қоры ретінде отыра берсек, біздің даму-өркендеуіміз оларға қажет болмады және осы сәтті олар өздерінің мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін еді. Бұның бәрі біздің мемлекетіміздің тұтастығына қауіп төндірді.

Сондықтан менің  пікірімше, сол сын сағаттарда мемлекет басшысы ретінде, президент ретінде, ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашағын ойлаған азамат ретінде осындай батыл қадамдарға  баруға мәжбүр болды және мен оны дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Тарих өз бағасын берер, бірақ менің өзімнің көзқарасым бойынша бұл өте дұрыс шешім.  Әрине, қателіктер де болды. Үлкен қасіреттерге алып келген олқылықтар болды, оны президентің өзі де жасырып отырған жоқ. Бәрін ашық айтып отыр. Мұндай сын сағатта ондай қателіктер орын алуы мүмкін еді, өйткені жағдайды өте шиеленістіріп жіберді сол кезде. Біздің Отанымыздың дамуына қарсы күштердің іс-әрекетінен, салдарынан.

Билік жүйесінің қазіргі сәтте президенттің инициативасымен  жасалынып отырған игі істерін атап өтуіміз керек. Былай алып қарасақ, ол өте үлкен тарихи қадамдар. Парламент жүйесіндегі өзгерістер, Конституциялық сотты қайта қалпына келтіру меніңше, өте келелі істердің бірі болды.  Демократиялық жолға алып баратын ең үлкен шешімдердің бірі деп қабылдаймын. Парламент сайлауы да, қазір мынау жергілікті әкімдерді сайлау мәселесі біртіндеп қолға алынып жатыр. Тағы айтып өтемін, оның бәрін бірден шешу өте қиын, қарсы күштер өте көп. Оның бәрі бірден, жылдам шешіліп кетеді деп ойламаймын. Бұл бағытта біз бәріміз, қоғам болып, осы қоғамдағы прогрессивті күштер бірлесе отырып, үлкен жұмыс жүргізуіміз керек.

Осы тұрғыда мен қоғам белсендісі ретінде президентіміздің осындай жүргізіп отырған, алға қойып отырған үлкен игі мақсаттарына өзімнің қолдауымды білдіргім келеді, шамам келгенше қоғамдық күштер, белсенділерді осы бағытқа, осы қолдауға шақырар едім. Бірлесе отырып, жұмыс жүргізейік, еліміздің, отанымыздың болашағын қолға алайық. Соның ішінде мынау жастар мәселесі, бабалар тәрбиесі мәселесіне мен көп көңіл бөлгім келеді, өйткені бұл маған таныс, белгілі сала. Осы салада біраз еңбек еттік. Енді қазіргі сәтте де үлкен жобаларды қолға алғымыз келеді. Біздің балаларымызға ең бірінші Ұлы дала, ұлы бабаларымыздың керемет дүниетанымын, соның ішінде бала тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесіне арналған, игі істерін қайтып қалпына келтіріп, солардың негізінде бүгінгі әлемдегі прогрессивті мемлекеттердегі істелініп отырған тәжірибелерді пайдалана отырып,осындай бір келелі істерді жүзеге асырсақ деген ойдамын.

Қазіргі заманда бала тәрбиесінің өте өзекті екенін президентіміз қадап айтты.  Қазір қоғамда орын алып отырған әйел азаматтарға, балаларға жасалынып отырған үлкен қатыгездік, үлкен қылмыстар осының барлығының арғы түбінде тәрбие мәселесі тұр деп ойлаймын. Бұл 30 жыл бойы қатып қалған коррупциялық жүйенің салдары. Ешқандай идеология және тәрбие жұмыстарына көңіл бөлінбегендіктен осындай қиын жағдайға жетіп отырмыз.

Осы бағытта біз өзіміздің командамызбен бірлесіп, үлкен белсенділік танытып, нақты істерге кірістік. Шамамыз жеткенше бар күш-жігерімізді осы біздің мемлекетіміздің, Отанымыздың дамып-өркендеуіне үлес қосамыз деп ойлаймын. Біздің президентіміздің осы игі саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыт-бағдарына, жоспарына шамамыз келгенше өз қолдаумызды көрсетеміз, деген ойдамын. Қазіргі сәтте біз Астана маңында үлкен бір жобаларды атқарып жатырмыз. Осы арқылы қоғамдағы прогрессивті күштерге біз мықты қоғамдық ұйымдар құрып, қоғамдық саясат жүргізіп, азаматтық қоғам деген түсінікті тереңірек іске асырып, үлкен күшке айналсақ деген мақсат қойдық. Бәріміз бірдей алға қарап, жылжу керекпіз. Мен халықты нақты жұмыстармен айналысуға шақырамын. Ел болайық, жұрт болайық. Өркениетті елдер қатарына қосылайық. Біз мемлекетшіл болайық деп айтқым келеді, - дейді қоғам белсендісі.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394