Соғыс: Жапония Украинаға қалай көмектеспек?
Қаңтардың 7-сі күні Жапонияның жаңа сайланған Сыртқы істер министрі Йоко Каминкава Отанында ауыр жер сілкінісі болғанына қарамай, Киевке келді.
Қорғаныс дабылы соғылып тұрғандықтан, қауіпсіз, жер асты үңгірінде Украина Сыртқы істер министрі Димитри Кулебамен бірлескен баспасөз мәжілісін өткізді.
«Сіздердің қандай күйде екендеріңізге бұрынғыдан да көзім жетті», - деген ол Украинаны соңына дейін қолдайтынын жеткізді.
Украин жұртының қыстан дірдектемей шығуы үшін бес үлкен генаротор беретінін, әскери жақта Жапония тарабы Украинаның дрон өндірісін дамытуға, дрондардың барлау системасын жапондық өніммен қамтамасыз етуге 35 миллион доллар бөлетінін жеткізді. Осылайша Украинада жасалған дрондардың техникалық дәлдігі жаңа деңгейге жететін болды.
Зеленский жыл соңындағы баспасөз мәжілісінде келесі жылы Украина жаңа әскери өндіріс компанияларының миллион дана дрон жасауға әлеуеті жететінін айтқан еді.
Жапония СІМ-інің әйел басшысы жаңа жылдан кейін Украинаға ат басын тіреген алғашқы шетелдік қонақ ретінде әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.
Abai.kz