Маңғыстау облысында қызылша ауруын жұқтыру жоғары көрсеткішті көрсетті
Маңғыстау облысында қызылшаның 384 жағдайы тіркелген, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров өңірде қызылшаны жұқтырғандардың 281-і амбулаториялық емделіп жатқанын атады. Ал 103 адам ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі уақытта ауруханада үш жүкті әйел және 64 бала, оның ішінде бір жасқа толмаған 22 бала бары белгілі болды. Оның ішінде төрт бала реанимацияда жатыр.
«2023 жылғы статистикаға сәйкес, облыс аудандарында қызылша жұқтыру саны әр түрлі болып отыр. Мысалы, Ақтауда 1034, Жаңаөзенде — 1369 жағдай тіркелді. Мұнайлы ауданында бұл көрсеткіш 1191 адамды құрады. Алайда, басқа аудандарда жағдай қалыпты екені байқалды. Мәселен, Түпқараған қаласында — 192, Қарақияда — 552, Маңғыстау ауданында — 184, Бейнеу ауданында — 66 жағдай анықталды», — деді Аманбек Жұмыров.
фото: GOV.kz
Abai.kz