Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1540 0 пікір 12 Қаңтар, 2024 сағат 14:42

Маман: «15 қаңтар күні Алматыда жер сілікінісі болады деген ақпарат - жалған»

Алдағы аптада Алматының сейсмикалық белсенді аймағында күшті жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков. 

Оның айтуынша, Сейсмология институты апта сайын болжамның бірнеше түрін жасап, аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға береді.

10 қаңтарда болжамдық комиссия күрделі сейсмологиялық материалдарға сүйене отырып, 10 қаңтар мен 17 қаңтарды қоса алғанда, аптаның қысқа мерзімді кезеңіне қорытынды жасады.

«Қорытындыға сәйкес, Алматы сейсмикалық белсенді өңірінің аумағында эпидошағында 7 баллдан асатын күшті жер сілкінісі күтілмейді. Сондай-ақ бір жыл ішінде сейсмологтар осындай 52 қорытынды жасап, төтенше жағдайларды жою органдарына тікелей жібереді», - деді Нұрсәрсен Өзбеков Алматы қаласы бойынша департаментте өткен брифингіде.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде тараған «15 қаңтар күні Алматыда жер сілікінісі болады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір