Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2903 27 пікір 17 Қаңтар, 2024 сағат 16:48

Ресей қанша бұлданса да, тарихи атаулар қайтарылады!

Бүкіл әлемді соғыс жағдайына алып келген Ресейдің «Орыс әлемі» саясаты әлі де тыныштық табар емес. Үш күнде Украинаны басып аламыз деген Ресей әскері, міне, екі жылға жуықтаған соғыста айтарлықтай нәтижеге жеткен жоқ. Қаншама әскерилері опат болып, әскери техникаларынан айырылып жатса да, ол әлі де «Орыс әлемі» атты диверсиялық қауын шошаңдатып, жан‑жағына үрей елесін туғызып қойғысы келеді...

Алайда, қазір одан қорқатын әлем жоқ: Украиндердің ашынып кеткені соншалық, олар «Ресеймен ешқандай да келіссөзге бармаймыз, онымен мәселені тек қана қару күшімен шешеміз» деп түпкілікті шешім шығарды. Сонымен қатар, әуелі Ресейден «Оның газынан айырылсақ күніміз не болады?»,  «Путин әскері ядролық соғысты бастап кетпей ме?»  деп сескенген Еуропа елдері де қазір қорқыныштан ада болып, Украинаға белсенді көмектесе бастады.

Одан өзге, БҰҰ кешеден бері Украинадаға соғыстан зардап шеккендерге және босқын ретінде шет елдерге кеткен украиналықтарға  қалай көмкетесеміз деп, үш млрд доллардан астам қаржы мөлшерінде көмек көрсету туралы шешім шығаруды ойластыруда.

Біз, Тина Канделаки атты ресейлік бір тележурналистің «В Казахстане медленно, но, верно продолжают вытеснять русский язык на государственном уровне. Как показывает опыт Прибалтики, это очень опасная тенденция» деген бір ауыз қоқан‑лоқысына бола не себептен жоғарыдағы Ресей‑Украина соғысы мәселесін көтердік?

Себебі, бұл жерде Қазақстанға қарсы «Орыс әлемі» тәсілін қолдау үшін өзге ұлт өкілдерін қолдану, мысалы, гүржі Тина Канделаки, одан бұрын армян Тигран Кеосаян сияқты тележурналистерді «айдап салу» қаншалықты сенімді әрі салмақты қадам деген сұрақ туындайды...

Егер, тереңдеу ойласақ, Ресей саясаткерлері тілдік жағдайды шиеленістіріп, оған орыс ұлтын ғана емес, өзге де орыс емес, бірақ орыстілді ұлт өкілдерін тартуды көздейтіні байқалады.  Егер, осы ой рас болса, онда біз Ресей тарапынан үзбей айтылып келе жатқан «орыс тілі» мәселесінің астарында «Қазақстандық украиналық сценарий» жатқанын көреміз. Ал, бұл енді баланың ойыны емес.

Сол себепті де, Қазақстан тарапы осыған дейін «орыс тілін қорғаймыз», «мектептер ашамыз» және т.т. деп ыңғайға жығылса да,  санасы тұманданған ресейлік империялық шовинизм өзінің агрессиядан бас тартпайтынын білдіріп жатыр деп санап, мұны «Қазақстанға қауіп төндіру» деп ‑  қазірден бастап ресми түрде, мемлекеттік деңгейде айыптауымыз керек деп санаймыз.

Сонымен бірге, біз «Қазақстанда көптеген жер мен елді мекендер атаулары империялық Ресей мен Кеңес үкіметі кезінде заңсыз түрде орысшаға өзгертілген. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде солардың барлығына өзінің бұрынғы тарихи төл атауын қайтарады немесе тұрғындардың шешімімен ұсынылған атауларды тағайындайды. Ал, заңсыз иемденген барлық бұрынғы атаулар өз күшін жояды» деп ашық жариялау керек. Бұның орыс тіліне еш қатысы жоқ екенін оларға шұқып тұрып көрсету керек сияқты...

Тәуелсіз мемлекет өзін өзі қорғауы тиіс.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320