Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2726 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 05:30

Қазақ тілі: Нақты істі қолға алсақ

«Алаш» автономиясының құрылғанына бір ғасырлық мерейтой да жақындап келеді. Алашорданың қазақ үшін қадірі - алаш ардақтылары ұлтымыздың мемлекеттік дәрежеде ойлау мен іс жүргізудің жүйесін бастап кеткендігінде. Қазіргі мемлекеттік құрылымдардың құрылу хроникасын да сол алаштық кезеңнен бастаған жөн, әйтпесе, біз бәрін кеңестік-бәлшебектік кезеңге апарып тіреуден танбай келеміз. Тіпті, Ішкі істер министрлігінің мұражайында да, қазақ полициясының құрылған күні де халқымызды қан қақсатқан, қақ жарған милицияның құрылған күнімен есептеледі...

            Бүгінде біршама ұлтшыл азаматтар түрліше бірігу жолдарын қарастыруда. Бәрінің де орны мен жөні бар. Бірақ бірігу тек қана іспен көрініс табады, қалғаны жиналу ғана. Сондықтан да тіл саясатына қатысты мемлеттік хатшыға жөнелтілген ұсынысты, ұлтшыл азаматтардың назарына қозғау салу үшін тағы да салып отырмын, өйткені, мемхатшы әлі үнсіз.

Кезінде Тіл комитетін құрғызу халқымызға оңайға түскен жоқ, қаншама жылдар бойы ұсынылып келіп, әрең құрылған еді. Бірақ оның құзыры мен қауқары бүгінде сын көтермейді. Мәселені шешуге де, орындатуға да мүмкіндігі жоқ, мемлекеттік сипаты анықталмаған.

«Алаш» автономиясының құрылғанына бір ғасырлық мерейтой да жақындап келеді. Алашорданың қазақ үшін қадірі - алаш ардақтылары ұлтымыздың мемлекеттік дәрежеде ойлау мен іс жүргізудің жүйесін бастап кеткендігінде. Қазіргі мемлекеттік құрылымдардың құрылу хроникасын да сол алаштық кезеңнен бастаған жөн, әйтпесе, біз бәрін кеңестік-бәлшебектік кезеңге апарып тіреуден танбай келеміз. Тіпті, Ішкі істер министрлігінің мұражайында да, қазақ полициясының құрылған күні де халқымызды қан қақсатқан, қақ жарған милицияның құрылған күнімен есептеледі...

            Бүгінде біршама ұлтшыл азаматтар түрліше бірігу жолдарын қарастыруда. Бәрінің де орны мен жөні бар. Бірақ бірігу тек қана іспен көрініс табады, қалғаны жиналу ғана. Сондықтан да тіл саясатына қатысты мемлеттік хатшыға жөнелтілген ұсынысты, ұлтшыл азаматтардың назарына қозғау салу үшін тағы да салып отырмын, өйткені, мемхатшы әлі үнсіз.

Кезінде Тіл комитетін құрғызу халқымызға оңайға түскен жоқ, қаншама жылдар бойы ұсынылып келіп, әрең құрылған еді. Бірақ оның құзыры мен қауқары бүгінде сын көтермейді. Мәселені шешуге де, орындатуға да мүмкіндігі жоқ, мемлекеттік сипаты анықталмаған.

Өткен мақалада (http://old.abai.kz/content/serik-ergali-tildik-orta-bolmasa-memlekettik-til-degen-torden-ne-kaiyr ) тілдік ортаны қазақ тілін дамытудағы басты фактор ретінде атай отырып, Тіл саясатының құрылымдарын ішкі саясаттың бір бөлігі ретінде қарастыруды ұсынған едік, оны біреу ұқты, біреу ұқпады. Бастысы - оқырман да, тіл жанашырлары да селқос болған жоқ, басты сұрақ қойылды: енді не істеу керек?

Ұқтырмасын білдірген 11-қонақ: «Секе, өзің бір кезде қызмет атқарған Тілкомның бүгінгі сиқын білесің, Шерубай кетсе шерменде болайын деп тұр. Тіліңді тарихшы басқарған соң не оңасың. Шартарапқа белгілі "Шаяхметов" (Тіл орталығы) шашылып қалды. Облыстардағы басқармалар басылып қалған. Онда бір-бір шенеуніктер отыр. Ербол сияқты бірлі-жарымы ғана тілге жаны ашиды. Қалғандары қалғып отыр. Енді не істейміз? Басың істеуші еді ғой, конкретно айтшы!» - деген.

Төмендегі кесте сол сауалға жауап ретінде ұсынылып отыр. Бұны жеке жауап ретінде емес, көптің айтқанын жүйелеп, бұқараның атынан берілген жауап ретінде қабылдап, шикісін пісіріп, енді осыны қалай билікке өткіземіз деген мәселеге бас қатыру керек.

С.Ерғали

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ САЯСАТЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР

Мәселе тақырыбы

Мәселенің мазмұны

Шешу жолы

Нәтиже

Ескеру

1

2

3

4

5

6

1.ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН НЫҒАЙТУ

1

Тіл саясатын құрылымдандыру

Тіл саясаты үшін заң бойынша уәкілдік органы болып табылатын Тіл комитетінің құзыры барынша төмен, елдегі тіл үрдісі (тенденция) мен үдерісіне ие бола алатындай қауқарлы емес.

Сонымен бірге елдің тіл саясаты Ішкі саяттың бір бөлігі ретінде мойындалмайынша, бұл салада нақты алға басу қиын болып отыр.

1-жол.Тілкомды агенттік деңгейіне көтеру; барлық тігіңкі (вертикал), көлбеу құрылымдарды соның құзырына бағындыру.

Тіл саясатына жауапты нақты уәкілдік мемлекеттік орган пайда болады. Барлық атқару мүмкіндігі тұтасады, тіл саясаты жаңа сипатқа, заңдамалық талапқа сәйкестенеді. Барлық ресурс пен әлеует бірігеді.

Тіл мәселесі тікелей мемлекеттік органның мойнына жүктеледі.Қазір ол ведомостволық  мазмұнда қалып отыр.

2-жол.Тілкомды Ішкі саяси құрылымдарға біріктіру:

-  Тіл комитетін тікелей Мемхатшы құзырына көшіру;

-  Облыстық, қалалық Тіл басқармаларын, бөлімдерін Ішкі саясат департаменттеріне қосып, оның жұмысына социолингвистикалық мазмұн беру.

Елдің ішкі саясаты бүгінгі қоғамдық ортада ушығып отырған мәселені қамтиды; ішкі саясаттың осал тұсы толығады; Тіл саясатына мемлекет тікелей араласатындай құрылым пайда болады. Қоғамдық ортаның араласуымен  ішкі саясаттың мазмұны шынайыланады.

Барлық ресурс пен әлеует үйлестіріледі.

Тіл мәселесі қоғамдық ортаның араласуымен мемлекеттің саяси нысанына айналады.

2

Мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы рөлін нығайту

Бүгінде қоғамдық ортада қазақ тілінің қолданымы барынша әлсіз, қазақтілді ақпаратпен қамту және мемтілде мемлекеттік, коммерциялық салалардағы қызмет деңгейі қанағаттандырмайды. Аталмыш салаларда негізінен біртілді – орыстілді мамандар мен қызметшілер қамтылған. Қостілдік, үштілдік мазмұнға бет бұрған елдің тіл саясатына сәйкес емес. Қоғамдық ортада осыған орай тілдік шиеленісу мен араздық көрінісі басты орынға шықты.

Үкіметтің қаулысымен ҚР Үкіметіне Мемлекеттік тілді міндетті білуі тиіс мамандықтардың, лауазымдардың тізбесібекітілуі тиіс.

Елдегі ушыққан тіл мәселесін шешуге қоғам мен мемлекеттің барлық ресурсы мен әлеуеті жұмылуға міндеттенеді. Елде шынайы қостілдік ақуал орын алып, монтілдік монополия жойылады. Қазақ тілінің мәселесі саяси тақырып болудан сырғыйтындай алғышарт қалыптасады.

Монотілді орта тарапынан байбалам мен қарсылық туындауы ықтимал, бір бұл мемлекет тарапынан елдің ішкі саясатына қарсылық ретінде бағалануы керек.

2.ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖАҒЫНАН ДАМЫТУ

1

2

3

4

5

6

1

Тіл білімі ғылымын үйлестіру мен ұйымдастыру

Елде қазақ тілінің ғылыми жағын іргелі зерттейтін бірден бір ресми мекеме – Тіл білімі институты, бұдан басқа аталмыш ғылыми үдеріске ЖОО-дағы ондаған филология кафедралары мен ғылыми-зерттеу орталықтары қатыса алады. Алайда, аталмыш институттың бай тәжірибесі мен ғылыми ресурсы бола тұра, кейбір нақты зерттеу тақырыбы бойынша тендер үдерісінде жекелеген орталықтардан ұтылып, мәселе шешілмеген күйі қалатын жайттар ұшырасады. Демек, аталмыш ғылыми мекеменің ресурсы мен әлеуетін тіл пайдасына жарату ойдағыдай емес және оның кәзіргі құзыры жеткіліксіз. Нәтижесінде, қазақ тілі терминология, орпоэфия, орфография, электрондалу,жазу реформасы т.б. өзекті салалар бойынша дамымай отыр.

Тіл білім институтын, ҚазТЕСТ орталығын, Ш.Шаяхметов атындағы республикалық тіл үйрету орталығын біріктіріп, Тілбілім ғылыми-оқыту орталығын құру керек те, бұған қазақ тілінің ғылыми тілбілім саласы мен оны оқыту-бағалау міндетін жүктеген жөн. Бұл құрылымды тіл саясатының уәкілдік органының қарауына берген жөн. Себебі, қазіргі қазақ тілі лингвистикалық білім мәселесімен шектелмейді, бастысы - өзекті саяси-социолингвистикалық саланы қамтиды.

-             Тілбілім институтының алдына қазақ тілін ғылыми жағынан дамытудың нақты міндеттері мен мақсаттары қойылады;

-             Қазақ тілінің ғылым мен практиканы тығыз ұштастыратындай зертханалар орфография, орпоэфия,

әліпби, терминология, электрондау мәселелерін шешуге тікелей атсалысады;

-             Тілбілім саласы үшін жалпы тендерлік үдеріспен емес, арнайы мемлекеттік субсидиямен қаржылану мүмкіндігі туады.

 

2

Салалық терминология мен лексикологияны дамыту

Терминологияны дамыту жүйесіз, әуесқойлық сипат алып келеді. Тілдің бұл саласы ғылыми нысан ретінде тілбілім саласына толық айналмай отыр. Бұған негізінен қарапайым тіл жанашырлары қатысып, қазақтілді ғылыми орта шет қалуда және оны үйлестіретіндей, жұмылдыратындай құрылым жоқ. Бұған дейін терминдерді қарастырып, бекітіп келген Терминкомның өнімі тұтынушылар тарапынан талай дауға қалды, ғылыми дәйексіз, тұжырымсыз бірқатар баламалар мен терминдер  қолдануға жарамсыз болып келеді. Жаңа терминдерді тарату мен сіңіру ережесі жоқ, оларды электрондық кеңіс пен құралдар арқылы таныстыру мен қолдану мүмкіндігі жасалмаған. Сонымен бірге қазақ тілінің постиндустриалдық ақуалын арттырандай жаңа ұғымдардың баламасы да жүйелі қолға алынбай отыр, бұл лексикалогияның, стилистиканың жүйесіздігін, заман талабын қанағаттандырмай отырғанын күннен күнге көрсетуде. Тілдің қалыптасқан стилдік мүмкіндігі кері кетіп, орыс тілінің қалқасына көшті.

Тілбілім институты жанынан арнайы Терминологиялық зертхана құрылғаны жөн. Ол елдегі барлық филологиялық және ғылыми орталықтармен қатынас орнатып, түрлі ғылыми саланы терминдендіруге сол саланың ғалымдары мен мамандарын тартатындай жүйе жасақталғаны абзал.

-                  Тұрақты түрде ғылыми терминологияға негізделген зертхана пайда болады;

-                  Әрбір ғылыми сала ғалымдары терминді қалыптастыруға қатыстырылады;

-                  Жаңа терминдерді енгізуге ыңғайлы электрондық термин сөздігі қолданысқа енеді;

-                  Қазақ тілі жаңа лексикалық бірліктермен толығатын және оны сіңіретіндей жүйе орнығады.

 

3

Қазақ тілінің жазу реформасын жүзеге асыру – Әліпби мәселесі.

Елбасының 2012 жылғы Халыққа жолдауында айтылған Латын қарпіне көшу бастамасы қоғамдық ортада ғана талқылаумен шектеліп келеді. Атқаратын нақты құзырлы құрылым жоқ. Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған топ түрлі отырыстарға қатысқаны болмаса, нақты ғылыми сараптау мен талдауларды ұйымдастыра алмады және оған шамасы да, құзыры да болмады.

Тілбілім институты жанынан арнайы Жазу реформасы жөніндегі зертхана құрылғаны жөн. Қазақ тілінің жазуына қатысты нақты мәселелерді сынақ пен тәжірибеден өткізу арқылы және емленің ғылыми қағидаларын қайта қарайтындай ғылыми топты топтастыруы қажет.

  • Жазу реформасын нақты қолға алатын арнайы ғылыми орталық пайда болады;
  • Жазу реформасы теория мен практиканы қамтитын ғылыми сараптамалық үдерісті бақылау мен басқару қолға алынады;
  • Ғылыми тілдік міндет жалаң популизмнен құтылады, ғылыми әлеует пен ресурс үйлестіріледі;

нақты ғылыми сипат алады және әзірлеуден жүзеге асыруға дейінгі барлық саты бір қолда болады.

 

3.ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТІЛДІК ОРТАСЫН КЕҢЕЙТУ

1

2

3

4

5

6

1

Қазақ тілінің қолданым аясы – Тілдік орта.

Бүгінде қазақ тіліне қатысты аударма саласы дамымай отыр. Себеп - ресми, бейресми тілдік орта қазақ тілі үшін барынша тарылған. Бұл аспект «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада» жете қарастырылмаған. Нәтижесінде қазақ тілінің тілдік шекарасы – аударма, және оның қолданым аясы – тілдік орта барған сайын мәселесі қордаланған жағдайға тірелуде:  қазақ мектебіне орыстілді балалар тіл үйренбей келуде; жазбаша тілдік орта болып табылатын оқулықтар мен әдебиеттер жеткіліксіз–кесірінен жоғарғы оқу орындарындағы қазақтілді студенттердің оқу жағдайы мейлінше төмен т.т.

Осыған орай мемлекеттік тілдің ортасын нығайту саясаты қажет.

  1. Қазақ тілін үйретушілер қауымы құрылып, оларға арнайы мемлекеттік тараптан тегін техникалық ресурс көзін жасақтау керек.
  2. Әрбір Орта-жоғары оқу мекемесінің мемлекеттік тілді меңгертуге, қазақтілді маман әзірлеуге сәйкестігі назарда болатындай индикатор әзірленіп, тұрақты мониторинг өткізу қолға алынғаны мақұл.
  3. Елдегі тілдік ортаны тұрақты түрде мониторинг жасауға назар аударылуы тиіс.

1.Елдегі қазақ тілін оқытушылар өздеріне сай мәртебе мен беделге ие болады;қазақ тілін үйрену жаңа сатыға көтеріледі;

2.Елдегі демографиялық жағдай тілдік ортамен сәйкестенеді және тіл саясатына қатысты қоғамдық араздық азайып, шынайы отаншылдық күшейеді.

 

2

Қазақ тілінің өзге тілдермен арақатысы – Аударма.

Ресми-бейресми форумдар мен отырыстарда аударма жұмысы қазақ тілінің пайдасына жаратылмаған, көбіне қарастырылмайды – нәтижесінде қазақ тілінің қажеттілігі мейлінше құлдырай түсуде.  Қазақ тілінің өзге тілдермен арақатысы ашылмаған, шекарасы жоқ болып отыр.

  1. Барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қазақ тілінің ресми тілдік ортасын нығайту үшін және орыстілді қызметшілердің мемтілді үйренуіне, монотілділіктен ажырауына түрткі боларлықтай ілеспе аударма енгізілуі керек;
  2. Қолданбалы аударма жұмысы қазақ тілінің шетелдік тілдермен арақатысы ретінде ерекше қолға алынуы қажет;
  3. Аудармашыларға көңіл бөлініп, қазақстандық аудармашылар қауымдастығы құрылғаны абзал.

 

1.Елдің тілдік ортасында қазақ тілінің шекарасы мен аумағы пайда болады;

2.Қазақ тілінің шет тілдерімен арақатысы дамиды, соның нәтижесінде терминология мен тілмаштық қызмет ерекше сатыға көтерілді;

3.Аудармашылық қызметтің абыройы артып, оның сапасы мен қызмет аясы орнығады, аудармашылардың міндеті нақтыланып, жауапкерлігі мен сауаты артады.

 

 

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435