Жұмабай Құлиев. Ұлы дала ма, улы дала ма?
«Космосқа ұшырылғанда, жерден көтерілер сәтте бір корабльдің жерден қанша су суыратынын білесің бе? Бүкіл Мәскеудің бір сағатта пайдаланатын суын бір өзі тартып алады. Осыдан кейін біздің өзен-көлдеріміз суалмағанда қайтеді?» – деген еді қаламгер ағамыз Әнуар Әлімжанов.
Суалу ештеңе емес, бүгінде алып сахараның асты, үсті, тіпті ауасына дейін уланып бітті ғой.
Дәл қазір Қазақстан кәсіпорындарында 25 миллиард тонна улы қалдықтар жиналып тұр. Бұл жайында Мәжілістегі Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің өндірістік кәсіпорындарының ауаға шығаратын улы заттарының салмағы жылына 3 миллион тоннаны құрайды екен. Мұның 85 пайызы Қазақстандағы ірі 42 кәсіпорынға тиеслі. Ал, суға ағызылатын зиянды қалдықтардың көлемі – 2 миллион 800 мың тонна.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гептилді өте улы заттар қатарына жатқызады. Осы жаншошырлық уды жарты жыл сайын төбемізден құйып отырған Ресейге «тәйт» деуге қайран табылмай тұр.
«Космосқа ұшырылғанда, жерден көтерілер сәтте бір корабльдің жерден қанша су суыратынын білесің бе? Бүкіл Мәскеудің бір сағатта пайдаланатын суын бір өзі тартып алады. Осыдан кейін біздің өзен-көлдеріміз суалмағанда қайтеді?» – деген еді қаламгер ағамыз Әнуар Әлімжанов.
Суалу ештеңе емес, бүгінде алып сахараның асты, үсті, тіпті ауасына дейін уланып бітті ғой.
Дәл қазір Қазақстан кәсіпорындарында 25 миллиард тонна улы қалдықтар жиналып тұр. Бұл жайында Мәжілістегі Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің өндірістік кәсіпорындарының ауаға шығаратын улы заттарының салмағы жылына 3 миллион тоннаны құрайды екен. Мұның 85 пайызы Қазақстандағы ірі 42 кәсіпорынға тиеслі. Ал, суға ағызылатын зиянды қалдықтардың көлемі – 2 миллион 800 мың тонна.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гептилді өте улы заттар қатарына жатқызады. Осы жаншошырлық уды жарты жыл сайын төбемізден құйып отырған Ресейге «тәйт» деуге қайран табылмай тұр.
«1917 жылы Ресей шынымен бүкіл әлемді өзімен бірге құзға тіреді, ақыр аяғы екінші дүниежүзілік соғысқа жалғасты. Бүкіл ақыл-ойдың мәйегі зәрелері ұшып әуелі Америкаға, содан кейін Еуропаға шоғырланды. «Ресей басқа халықтарға сұмдық зұлмат үлгісін көрсету үшін жаралған» деп Чаадаев дұрыс айтқан», – дейді орыс жазушысы Александр Кабаков. (АиФ Қазақстан, № 41, 2009 ж.).
Зымыран Маңғыстауға құласа, ақтөбеліктер алаңдамауы керек пе?
Осыдан алты жыл бұрын Қазақстанның үш облысының үстінен халықтың үрейін ұшырып, Ресейдің «Сатана» зымыраны ұшып өткенде халық дүрлігіп, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардан көмек сұраған еді. Ақтөбеде өткен қоғамдық тыңдауда сол өңірдің қорқақ басшылары зымыранның халық аз тұратын санаулы аудандарының үстінен ұшып өткенін айтып бет бақтырмады. Сол жиында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Ізбақ Өмірзақов: «Негізі, халық аз шоғырланған жерлерді РС–20 зымыранының құлауына ыңғайлы деп таптық. ТМД елдерінің қорғаныс саласы күшейер болса, ол бізге де жақсы. Оның үстіне, зымыранның құлайтын жері – Маңғыстау өңірі. Ақтөбеліктердің алаңдауына еш себеп жоқ», – деді журналистерге берген сұхбатында.
Осы ел басқарған адамның аузынан шығатын сөз бе, сонда немене, Маңғыстау халқы қырыла берсін дегені ме? Осындай жәреуке, су жүрек басшылардың қолдауынан кейін әпербақан Ресей әл бере ме?
Ресейлік мамандар тіпті зымыран жолындағы ауыл-аймақ, елді мекендер туралы да ақпарат жинап үлгеріпті. Континентаралық зымыранның траекториясында тек Ақтөбе облысы бойынша 19 елді мекеннің орналасқаны белгілі болды. Астрахань полигонынан келген орыстар аталған аймақтардың бесеуінде адамдар тұрмайтынын алға тартты. «Тұрса да барлығы 7 мың адамға жуық» деген мәліметтерді келтіруден танбайды. Мұндай қорлыққа қалай төзуге болады? Жеті мың адамды тірі жанға санамай тұрған әлгіндей жауыздармен қатар өмір сүрудің өзі қорқынышты ғой.
Апаттардың ішіндегі ең жаншошырлығы – Байқоңыр маңында жарылған соңғы «Протон» болды. 600 тонна гептил бүкіл аймақты улады. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров алғашында біраз сес көрсетіп еді, артынан ол да үнсіз қалды. Іле-шала Қаппаров: «Ресей мамандары бізді апат аймағына жолатпады», – деп шындықты айтты.
Тіпті жолатпағаны былай тұрсын, апаттың залалы жойқын бола тұрса да, соқыр тиын өтемақы төлемеді. Ресей бұл жолы Қазақстан өкіметіне пысқырып та қараған жоқ. Қарсылығыңды да елемей, рұқсат та сұрамай «Протонын» тағы да ұшырды. Оны айтасыз, Алматыда наразылық акциясын өткізген бір топ жастарды өзіміздің құқық қорғау органдары қамауға алды.
2012 жылғы 7 маусым күнгі мәжілістің пленарлық отырысында Нұрлан Қаппаров: «Ресей бізден 13 жылдан бері көмір сатып алады, ал күлін біздің жерге әкеліп төгеді», – деп тағы бір ащы шындықтың бетін ашты.
Ау, сонда атқора болмаған нең қалды, соры қайнаған қазақ даласы?!
Ресей басқа зымырандарды қаламай, осы «Протонға» неге байланып қалды, енді соған келейік. «Протонды» алмастыратын Украинада жасалған «Зенит-ЗМ» соған жеде-қабыл «Союз» зымырандары бар. «Зенит» ғарышқа 12 тонна, «Союз» 7,5 тонна жүкті алып ұшады. Ал, «Протон» болса 20 тонна жүкті бір-ақ қамтиды. Бір ұшқанда ғарыштағы АҚШ-тың халықаралық станцияларына 8 тонна жүкті артық апару дегеніңіз – миллондаған доллар қып-қызыл пайда!
Ендеше, орыстар «Протоннан» өлсе де айырылмасы анық. Байқоңырды Ресей 1994 жылдан бастап, 2050 жылға дейін жалға алып отыр. Уланып өлмесек, алдағы 37 жылда талай сұмдықты көрерміз-ау!
Бізде тауар тапшылығы емес, адам тапшылығы болады
Өткен жылы Парламент Мәжілісінде сөз алған Дариға Назарбаева: «Сұмдық қаржы қара құрдымға бостан-босқа құйылып жатыр. Көптеген елдер ғарыштық индустриясыз-ақ өмір сүруде. Спутник керек пе, тапсырыс бер, сатып ал да, ұшыр. Өз жеріңді ғарыштан зерттеу керек пе, құнын төлесең оны да табанда орындайды. Осы әдіс бізге 100 есе арзанға түспей ме?», – деп, осы саладағы жемқорлыққа, жойқын ысырапқа шыдай алмай, шындықты айтты. 2004 жылы «Бәйтерек» ғарыш-зымырандық кешенінің жобасы жасалды. Әуелде мемлекет бұл жобаға 223 миллион доллар несие бөлді. Алайда, екі жылдан кейін әлгі жоба қайта қаралып, құны 800 миллион долларға көтерілді. Ал, өткен жылы «Қазақ ғарыш» агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев осы жобаға 2000000000 (екі миллиард) доллар сұрады.
Бір ғажабы, «Бәйтерек» ғарыш-зымырандық кешенінің старт алаңы құрылысының әлі ізі де жоқ.
Міне, біздің индустриалды – инновациялық даму бағдарламамыздың сиқы!
Бір кезде марқұм Өмірбек Жолдасбеков: «Ендігі жерде тауар тапшылығы болмайды, тек ұлтжанды, алғыр басшыларға зәрулік туындайды», – деген еді. Сол ағамыздың болжамы негізсіз емес сияқты.
«Кейбіреулер мол дүниеге ие бола тұра, ғаріп пен қасерлерге әлгі қыруар дәулетінен мардымсыз ғана бірдеңені жырып береді. Сол жасырып тұрған ниеттерінің өзі олардың бергендерінің құнын кетіреді. Өмір мұхитынан сусындауға жаратылғандардың – сендердің кішкене ғана бұлақтарыңнан көзелерін толтырып алуға қақысы бар. Біреулер сендердің алдарыңда кішірейіп бас ұратындай, олардың намыстарын аяқ асты қылып, қасиеттерін қорлайтындай сендер сонша кім едіңдер?»
Бұл ақшамен самаурын қайнатқан, билік пен капиталды қосып ұстап, қара суды теріс ағыза алатын алпауыттарға бағыштаған философ, ойшыл Жебран Халил Жебранның сөзі. Алланың аузымен айтылғандай, осынау жаның мен арыңды қоса шабақтар қағидаттарда біраз мән бар-ау! Біздің айтайын дегеніміз осы еді.
Abai.kz