Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1053 1 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 12:22

Заңгер мәдениетінің негізін қалыптастыру басты мақсат

Сурет: adyrna.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының «Болашақ заңгер мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге жиналған білім алушылар қара шаңырақтың «Айналаңды нұрландыр»жобасының болашақ заңгерге берері мол екенін атап өтті.Жоба– айналаңа қамқорлық танытып,жарқын да нұрлы өмірге жол бастау.Қазыналы қарттарға көңіл бөлу,ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға қуаныш сыйлау,қоғамға пайдалы іс атқару жобаның басты мақсаты.Адамгершілік мәдениеті-халықпен тығыз қарым-қатынас құратын барлық мамандық иелерінде болуы қажет.Осы тұста заңгер мамандығы халықпен етене жақын болғандықтан жоғарыда аталған жайттардың маңызы зор. Заң саласында қызмет атқаратын маманның  сөйлеу мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы да кәсіби талап. Заңгердің білім деңгейі ғана емес,сөйлеу мәдениеті  де маңызды рөл атқарады.

Білікті заңгер болу үшін білім көкжиегі кең,құқықтық жұмыс тәжірибесі мол болуы шарт. Дегенмен, кәсіби қызметінің сипатына байланысты заңгер жоғары құқықтық мәдениет, кәсіби этика мен эстетиканы білуі маңызды. Заң мәдениеті - заңды білумен қалыптасады. Яғни, қорғалушының құқығын  қорғау барысында нақты фактімен, талаппен, заң аясымен жүру,өтірікке,алаяқтыққа жол бермеу. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар тағы да бір өзекті мәселені тілге тиек етті. Қазіргі таңдағы жалпы халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, осы негізде құқықтық тәртіпті нығайту мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің маңызды бағыттары болып табылатынын атап өтті. Сот төрелігі барысында заңды үкім, әділ шешім заңгер мәдениетінің ең басты көрсеткіші деп ойлаймын. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылғаны бәрімізге белгілі. Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 16-мақсат: «Бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар» екенін алға тартқым келеді. Әділ қазылық ету — әр судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай біліп, жатқа айта білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би-адал, әділ болып, іс бойынша шешім қабылдағанда жігерлікті, батылдықты, табандылықты көрсете білуі – заман талабы екендігін ұмытпауы қажет.

Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани шабыт сыйлайды. Заңгер мамандығының тағы керемет мүмкіндігі – алынған білімді мемлекеттік басқарудың әр саласында: ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болады. Жоғары білікті заңгер  кәсіби қызметте әрқашан қажет. Заңгер мамандығын тәмамдаған шынайы білікті мамандар жоғары интеллектуалды әрі ұйымдастырушылық қабілетке ие болады. Себебі,заң саласы адам өміріне жауапты болар мамандықтың бірі әрі бірегейі.

Битабарова Ж.А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Phd

Маккамбай Максат.

Қазіргі заманғы халықаралық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры,з.ғ.к. (Қырғызстан, Жалал-Абад қаласы)

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313