Лукашенко: 2025 жылы тағы да сайлауға түсемін!
Беларусьтің қазіргі көшбасшысы Александр Лукашенко 2025 жылғы президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.
Кеше Беларусьте парламенттік сайлау өтті. Сайлау учаскелерінің бірінде журналистер Александр Лукашенкодан келесі президент сайлауына бара ма деп сұрады.
"Барам, барам, барам. Оларға (оппозицияға - ред.) баратынымды айтыңызшы. Жағдай неғұрлым күрделі болса, олар біздің қоғамды неғұрлым белсендірек алаңдатады", - деді ол.
Агенттіктің мәліметінше, Беларусьте кезекті президенттік сайлау 2025 жылдың 20 шілдесінен кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
Беларусь президентінің сайтындағы ақпарат бойынша, мемлекет басшысын сайлау құқығы бар барлық азаматтар тікелей дауыс беру арқылы бес жылға сайлайды.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Лукашенко алғаш рет 1994 жылы Беларусь президенті болып сайланды. Содан кейін 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары қайта сайланды.
Беларусь президентінің соңғы сайлауы 2020 жылдың тамыз айында өткен болатын. Сол кезде Александр Лукашенко 80,1%, ал Светлана Тихановская 10,1% дауыс жинап жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін Беларусьте бірнеше айға созылған жаппай наразылық акциялары басталды.
Abai.kz