Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1405 2 пікір 27 Ақпан, 2024 сағат 14:52

Қостанайдағы қате-қате көше атаулары қашан түзеледі?

Қазір Қостанай деген шаһарға келсең, осындай таңғажайып жайтқа тап боласың. Мұнда көшелердің аттары тек орысша жазылады.

Бір қызығы, жаңағы Ахаңның тегін «Байтұрсынов» деп қазақша жазуға сауаты жетпейтіндер бұл тақтайша – дәл осы Ахаң атындағы университеттің жанына, сондай-ақ облыстық қоғамдық даму басқармасы мен тіл басқармасы отыратын облыстық әкімдіктің дәл іргесіне іліп қойған.

Ал мына екінші көше Кеңес Одағының Батыры, қыршын кеткен Сұлтан Баймағамбетовке емес, оның жұбайына арналған секілді. Ал енді орыс тілінде «Май» деген атаудың «мамырға» ауысқандығына қаншама жылдар өтсе де, мұндағылар ол «майынан» айырылмайды.

Бір өкініштісі, осыларды түзетейін деген тілді дамытуға жауапты шенеуніктер де, аты дардай Хылақаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық бөліміндегілердің ешбір ниеті байқалмайды.

Ал шындығында көше аты ойыншық емес. Біріншіден, бұл өз ана тілімізге деген немқұрайлылықты білдіреді. Екіншіден, ең болмаса көше атын сауатты жаза алмайтындығын көрген өзге ұлт өкілдері не олайтындығы белгілі. «Е, алдымен бұлардың өздері, қарапайым ғана сөздерді дұрыс жазып алсын. Сосын ғана бізге бірдеңе үйретер» деп мұрнын шүйірер хақ. Ал оларға қандай уәж айта алар екен? Жалпы алғанда, бұл көрініс Қостанай облысы секілді терістік өңірлердегі билік басында отырғандардың ана тілімізге деген теріс көзқарасын білдертіндігі хақ.

Кейде ойлайсың, мүмкін, мұндағылар қазақ тілінің бар екендігін ұмытып қалған шығар деп. Қалай болғанда да бұл жұмбақтың шешімін таба алмадық. Мүмкін,сіздер табарсыздар?

Жайберген Болатов

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317