Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2400 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 06:52

”Шексiз достық” шекенi қыздырмады

Жанына бiр топ нөкерiн ертiп алған Н.Назарбаев күнi кеше Екатеринбург қаласына барып қайтты. Жай бармай, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының 10-форумына қатысты. Сөйтiп, В. Путин екеуi Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХI ғасырдағы тату көршiлiк және одақтастық туралы келiсiмге қол қойды.
Бұл неғылған бiтпейтiн одақтастық деп отырғаныңызды өзiмiз де сеземiз. Дегенмен осы жолғы кез­десудiң мәнi күштiрек болғанға ұқсайды. Себебi қол қойысып, уағдаластықты дамыту ендi президенттерден төмендеп, әкiмқара­ларға да жеттi.

Жанына бiр топ нөкерiн ертiп алған Н.Назарбаев күнi кеше Екатеринбург қаласына барып қайтты. Жай бармай, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының 10-форумына қатысты. Сөйтiп, В. Путин екеуi Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХI ғасырдағы тату көршiлiк және одақтастық туралы келiсiмге қол қойды.
Бұл неғылған бiтпейтiн одақтастық деп отырғаныңызды өзiмiз де сеземiз. Дегенмен осы жолғы кез­десудiң мәнi күштiрек болғанға ұқсайды. Себебi қол қойысып, уағдаластықты дамыту ендi президенттерден төмендеп, әкiмқара­ларға да жеттi.
“Екiжақты кездесуден кейiн қос мем­лекеттiң X аймақаралық форумы ая­сында өңiрлер басшылары мен әкiмшiлiктерi арасында бiрқатар келiссөздерге қол жеткiзiлдi. Яғни, алдағы уақытта 5 шекаралас облыс өзара сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және бiлiм-ғылым салаларындағы ынтымақтастықты жан­дандырмақ. Мә­селен, Қарағанды облысының әкiмi Б.Әбдiшев пен Ре­сей Федерациясы Сверд­ловск облысының губернаторы Е.Куйвашев Қарағанды облысы әкiмдiгi мен Сверд­ловск облысы үкi­метi арасындағы сауда-эко­но­ми­калық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келi­сiм­­дi рәсiмдедi. Дәл осындай құжатқа Қостанай облысының әкiмi Н.Сә­дуа­қа­сов пен Свердловск облысының губернаторы Е.Куй­вашев қол қойды. Ал Атырау облысының әкiмi Б.Iз­мұ­хамбетов пен Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин шекаралас аймақтардың сауда-экономикалық, ғылыми-техни­калық және мәдени ынтымақтастық туралы келiсiмiн бекiттi” дейдi Ақорданың ресми сайты.
Ал ендi осындай уағдаластықтардан Қазақстанға келер қандай пайда бар? Мұны жiлiктеп көрсетiп, дә­лелдеп берген адам әлi жоқ. Бiрақ ынтымақтастық, достық, татулық тақы­ры­бын­да өтетiн iс-шаралар күн өткен сайын көбейiп барады. Мәселен, Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк жиындарын былай қойғанда, Қа­зақ­стан мен Ресей ынты­мақ­­тас­тығы форумының өзi жыл сайын өтiп тұрады. Кешегi кеңестiң құрамынан шыққан елдiң ешбiрi дәл бұлайша Ресеймен әмпей-жәм­пей болған емес. Тiптi туыс­тық жақындығы бар беларусьтiң өзi де орысқа секеммен қарайды.
­– Бiз – көршiмiз, ал көршiнi таңдамайды. Бiздiң бабаларымыз осылай тiр­шi­лiк еттi, бiз де солай тiршiлiк жасаудамыз және бiздiң ұрпақтарымыз да осылай өмiр сүретiн болады, – дедi Н. Назарбаев әлгi жиында.
Бұл сөз “Ресеймен қа­бысқанымыз – қабысқан, табысқанымыз – табысқан, болары болды – бояуы сiңдi” деген ойды аңғартса керек.
Ол осы екi жыл iшiнде өзiнiң тиiмдiлiгiн көрсеттi”.
Бiрақ кедендiк одақтың кiмге тиiмдi болғаны есеп-қисапқа жүйрiк экономис­тердi былай қойғанда, қарапайым кәсiпкерлерге де айқын көрiнiп жатыр. Ал Минскiде қоқиланған әрiп­тесiне әлiптiң артын бағып сөйлеудi үйреткiсi келдi ме, әйтеуiр, Ресей басшысы кедендiк одақтан кiмнiң опырып жеп жатқанын былайша нақтылады: “Кеден одағы толыққанды жұмыс iстей бастаған соң саудаға байланысты көрсеткiштер айтарлықтай жақсарды... Инвестиция да ұлғаюда: Қазақстанға салған ресей­лiк инвестиция 2012 жылы миллиард долларға жуықтады, ал қазақстандықтардың Ресейге салған инвес­тиция­сы – 1 миллиард 700 миллион доллар болды”.
Көрдiңiз бе, айырма екi есеге жуық. Қазақстанның осынша қаржысы Ресей экономикасының көмейiне жұтылып кеттi деген сөз.
Естерiңiзде болса, Минскiдегi жиында Н.Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға тездетiп кiруiне Ресей кедергi келтiрiп отыр деп айыптаған. Ал осыдан сәл уақыт өткен соң, Ресейдiң бiрiншi вице-премьерi Игорь Шувалов ресейлiк БАҚ өкiлдерiне сұхбат берген едi. Оның айтуынша, Еуропа одағы елдерi мен АҚШ Ресей нарығына Қазақстан арқылы кiрмек көрiнедi. “АҚШ Ресеймен келiсе алмаған жағдайларда Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi жөнiндегi келiссөз­дер кезiнде қол жеткiзуi мүмкiн. Яғни, ұшақ, тiкұшақ, ауыл шаруашылығы техникасын және автокөлiктер кiргiзуге кедендiк қорғанысқа қатысты тұста олар Ресей бас тартқан шарттарды Қазақстанға да ұсынбақшы, сөйтiп, Ресей нарығына кiрмекшi”, – деп едi Шувалов сонда.
Бұдан шығатын қорытынды: кедендiк одақ аймағын уысында ұстап отырған Ресей әл-әзiрге ДСҰ-ға кiре­тiн ойда емес. Өзi тұрмақ Қазақстанды да оған жуытқысы келмейдi. Себебi ДСҰ-ның есiгi ашылса, iшкi нарыққа дамыған елдердiң көлiгi мен ұшағы және өзге де техникалары лап қояды. Бұл әрине, Ресейге тиiмсiз.
Сонда орыспен тату болғаннан тапқан пайдаң қай­сы? Өзiн ұлы державаның басшысы сезiнетiн В.Путин қазiр қазақ әрiптесiн өрмек­шiдей шырмап жатыр. Қойылған қолдар мен басылған мөрлерде есеп жоқ. Ендi облыс басшыларының уағ­даластығы былай қалып, аудан-аудан, ауыл-ауылдың басшы-қосшылары келiсiм­ге отырып жатса да таңданудың ретi қалды ма? Алайда аса тығыз жақындықтың шекенi қыздырмайтынын басқадан бұрын президенттiң өзi се­зiп жүрген сияқты. Себебi арқадан қағысып, қошамет-қолпашпен өте шығатын жиындар Н. Назарбаевты екi сөйлеуге мәжбүр етуде. Айталық Минскi­де­гi жиында кедендiк одақты сылқита соққан қазақ басшысы бұл жолы мүлде басқа қиырға салып, кедендiк одақты мақтап жiбердi: “Кеден одағының аясындағы бәсекелестiк күресте алдын ала шыңдалып шығу өте маңызды.

Сансызбай НҰРБАБА
"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443