Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 3313 3 пікір 28 Ақпан, 2024 сағат 12:23

Отбасы құндылықтарын қалай нығайтамыз?

Отбасы еліміздегі негізгі әлеуметтік институт. Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту әрі дамыту бүгінде мемлекетіміздің өзекті бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «әр отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі, сондықтан мемлекет отбасы институтына қолдау көрсетіп, оны жан-жақты жүргізетінін» айрықша атап өткен болатын. Осының өзі мемлекетіміздің отбасы құндылықтары мен институттарына терең мән беретінін көрсетеді.

Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту жолында әр сала бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Назарларыңызға елімізде отбасы құндылықтарын дамытуға үлес қосып жүрген мамандардың пікірін ұсынамыз.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Жастарға дұрыс жол көрсету маңызды

Махинур Исраилова, Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты  Алматы қаласы «Аналар кеңесінің» төрайымы:  

- «Аналар кеңесі» атына сай қоғамдағы ұлттық  құндылықтарды, ынтымақтастықты дамытуға барынша күш салады. Ұйымға қаламыздағы 36 этномәдени бірлестіктер кіреді. Біздің кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан жүзеге асырылатын жұмыстарды атқарады. Сонымен қатар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты елдің ынтымағын сақтау, қоғамда ұлттық құндылықтарды нығайту, отбасының беделін арттыру, жастарға тәлім-тәрбиені дәріптеуді жүзеге асырады. Ұлттық құндылықтар, әр ұлттың салты мен мәдениетін сақтау, бірін-бірі құрметтеу, атаулы мейрамдарды атап өту кеңестің атқаратын жұмысының бір тармағы. Алматы қаласындағы «Аналар кеңесінің» басты мақсаты-жастарға тәлім мен өнеге көрсету екенін атап өттім.  Осы ретте кеңес өткізген бірнеше іс-шараларды атап өткім келеді. «Аналар кеңесі» Алматыдағы құзырлы органдармен бірлесіп мектептер мен колледждерде нашақорлыққа қарсы акцияларға қатысты. Нашақорлық дертінің залалы жас ұрпаққа мамандар тарапынан жіті түсіндіріліп, оқушылармен дискуссия болды. Біз рухани құндылықтарды дәріптеу дегенде осындай шаралар арқылы  жас ұрпақтың санасына әсер еткіміз келеді. Өйткені болашақтың зиянды әрекеттерден алдын алу арқылы саналы ұрпақты тәрбиелегіміз келеді. Біз қазір жастарымызға дұрыс жол көрсету арқылы, болашақтағы қауіп-қатердің алдын аламыз. Одан бөлек, біз жастарымызға салты мен дәстүрін, мәдениетін, рухани құндылықтарын қазірден бастап түсіндіреміз.

«Аналар кеңесі» жыл сайын «Мәдениетті ана, мәдениетті ұлт», «Қарттарға құрмет» , «Ерекше балаларға қамқорлық», « Тілге құрмет» сынды шараларды өткізеді. Біз қазыналы қарттарымыздың ерен еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бейбіт күннің астында, кең байтақ елде өмір сүріп жатқанымыз қарттарымыздың арқасында. Жастарымыз олардың еңбегін ұмытпауы керек. Біз осы арқылы келер ұрпаққа өнеге көрсеткіміз келеді. Отбасындағы ең басты құндылықтар да жиі айтылып, жиі насихатталуы керек.

«Аналар кеңесі» осы жолда өз бағытынан таймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде өз жұмысын жалғастыратын болады. Ең бастысы жастарымызды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуіміз керек. Әр адам өзі үшін еңбектенуі керек. Біз еңбектену арқылы жастарымызды отбасы құндылықтарын нығайтуға үйретеміз. Болашақта отау құратын әрбір жас ең алдымен бір-біріне деген жауапкершілікті сезінуі керек. Ал жауапкершілік еңбекпен келеді.

Шынтауйтына  келгенде  отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы ортаның әсеріне бейім бола бастайды. Қазір білесіздер, көп ата-аналар балаларының интернет, әлеуметтік желіден, ұялы телефоннан нені көріп отырғандығын, қандай контент жүктеп алғанын тексермейді. Соның салдарынан мектеп жасындағы ұл- қыздарымызды қазір ғаламтор  тәрбиелеп жатыр. Біз жастармен жастар тілінде диалогқа шыға отырып, заман міндеттеген қарым-қатынас платформасын таңдауымыз керек. Бүгінгі әлеуметтік желілер, қоғамдық институттар мен орталықтар тарих тағылымын, халық дәстүрін жастар санасына қолжетімді ерекше мазмұнда бейімдеуге дайын болса ғана ұрпақтар арасында байланыс, яғни сабақтастық орнауы мүмкін. Бұл ретте отбасылық құндылықтарды әр елдің бірегей сипатымен тоғыстыратын тәрбие мектебінің ұстанымдарына жүгінген дұрыс. Біз отбасын сақтау, оның қоғамдық қызметін аса маңызды институт ретінде бағалау арқылы ғана мемлекеттің болашағына зор үмітпен қарай аламыз.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Құндылықтарды сақтау - ауылдан басталады

Берік Байбалаев, мұғалім:

- Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бүкіл ел болып күш жұмылдырып жатырмыз деп анық айта аламын. Өйткені қазақы тәрбиені дәріптеу, жастарға тәлім мен өнеге көрсету, кешегі әкелер итәрбиесімен аналар ізін жалғастыратын ұрпақ өсіп келеді. Мен Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Ұзынбұлақ ауылында мұғалім болып қызмет атқарамын. Ауылдағы мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, ауыл тұрғындарын тұроақты қатыс тырамын. Қоғамдағы ұлттық құндылықтарды нығайту ауылдан бастау алады. Оның дәлелі бізде  «Аналар кеңесі», «Ақсақалдар алқасы», «Жастар ұйымы» белсенді жұмыс істейді. Мерекелік іс-шаралар мен айтулы даталарда  арнайы жиынрдар ұйымдастырылады. Ал осы жиындардың түпкі мақсаты рухани құндылықтарымызды, отбасылық құндылықтарымызды дәріптеу.  Жыл сайын наурыз мейрамында әр көшенің тұрғындары салт-дәстүрімізден көрініс көрсетіп, ұмыт болдып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғыртып  өнер көрсетеді. Бұл да  келер ұрпағымызға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Одан бөлек ақсақалдарымыз бен аналарымыз жастармен кездесіп өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, отбасындағы құндылықтарды дәріптейтін дөңгелек үстелде бас қосады.  Ауыл келіндеріне де мол тағылымды әңгімелер айт ылып, қызықты конкурчстар ұйымдастырылады.  Біз осындай мәдени іс-шұараларды ұйымдастыру арқылы ауыл тұрғындарының  қоғамдағы ұлттық  құндылықтард ы дамытуына үлес қосамыз. Қазір отбасында түрлі жағдайлар кездесғеді, материалдық жағдайдың төмендігі, жастар арасында ажырасу,   жұмыссыздық тағысын тағы. Осындай мәселелерге де тақырыптық жиындар өткізіліп,  жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әкімдікпен бірлесіп көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға ауыл қорынан қайырымдылық істер ұйымдастырылады. Отбасы құндылығы дегенде ең алдымен болашаққа жоспары бар нық отбасы, сенім мен еңбектен құралған отбасының іргесі биік дер едім.  Мемлекет тарапынан да отбасы институтын нығайтуға нақты жұмыстар істелуде. Арнайы мем лекеттік бағдарламалар да жүзеге асуда. Менің ойымша әр отбасы өзінің құндылығын арттыруға, нығайтуға күш салуы керек.

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

«Даналық мектебін» жаңғырту керек

Сараш Қоңырбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты:

- Қоғамды дамыту, алға қарай ілгерлету отбасынан басталады. «Отбасы – әлеуметтік институт» деп айтып жүрміз. Әрине отбасының  қоғамда атқаратын өзіндік функциясы бар. Ал біз бүгін отбасылық құндылықтарды нығайтуда дұрыс бағыттамыз ба? Тарқатып айтатын болсақ, қазіргі ата-әжелер өздерінен кейінгі ұрпаққа беретін ұлттық құндылықтарды бере алмай қалды. Қазір жас буын мен ересектер арасында жер мен көктей алшақтық байқалады. Демек біздің аталарымыз бен әжелеріміз отбасыны тәрбиелейтін өзіндік рөлінен айырылып қалды деп  ойлаймын. Бұрын қалай еді. Үлкен кісілердің сөзі өтімді, тәлім-тәрбиенің бастауын қазыналы қарттарымыз беретін. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Даналық мектебін» құрдық. Елімізге белгілі педагогика ғылымының ғалымдары бірлесіп  қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуды насихаттауда бірнеше кездесу мен іс-шаралар өткіздік.

«Даналық мектебі» арқылы оқушылар мен студенттерге ғылыми-әдістемелік тұрғыдан көп күш жұмсалуда. Бұл дегеніміз бабалар ізін жалғап, келер ұрпаққа ұлтымыздың рухани құндылықтарын, бай тәлім-тәрбиесін дәріптеу. Халқымыздың айрықша даналық мектебін бүгінгі заманның балаларына түсіндіру. Бүгінде адамзатқа тән құндылықтардың бәрі әр отбасы үшін маңызы зор дүние. Отбасын құру, өмірге сәби әкелу, оны өсіріп тәрбиелеу, оқыту, тоқыту, маман ретінде қатарға қосу, немере сүю сияқты бір-бірімен сабақтаса беретін құндылықтарды білеміз. Қазір мемлекетіміз отбасыны нығайтуға, отбасының әлеуметі мен әлеуетін арттыруға күш салып жатыр. Әлеуметтік,экономикалық жағынан барынша қолдау көрсетуге бағытталған бағдарламалар жасалуда. Дегенмен материалдық жағынан қолдауды  талап ететін отбасылар бар. Одан бөлек қазір жас көріну тенденциясы пайда болды. Мысалы менің қатарластарым қартайғысы келмейді. Өздерін «әже» деп айтқызбауға тырысады. Бірақ жас көрінудің бақыт әкелмейтінін түсінбейді. Уақытты мойындап, кейінгі ұрпағына жасына сай тәрбие мен тәлімін көрсеткісі келмейді. Осындай дүниелерді көрген кезде бұрынғы ата мен әженің мектебінен алыстағаныңды сезесің.  Дегенмен бұлай отыра беруге болмайды, педагог маманы болғандықтан жастарға пайдамыздың тигенін қалаймыз. Отбасындағы әкенің рөлі, ананың рөлі әр отбасы өз құндылықтарын білуі тиіс. Қазір ғаламтордың дамыған заманы, ақпарат көзі ашық. Осыған сай көкірегі ояу, білімді де білікті жастарымыз өсіп келеді. Жастарымызға рухани құндылықтарымызды дәріптеу, халқымыздың салт-санасын түсіндіру жолында  нақты бастамалар бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318