Жұма, 22 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2661 9 пікір 28 Ақпан, 2024 сағат 12:40

Армения: ҰҚШҰ өзін-өзі өлтірген ұйым!

Ресей мен Батыс елдерінің, ұжымдық Батыстың қарама-қайшылығы әлемнің көптеген өңірлерінде және түрлі нысандарда жүріп жатыр, - деп жазады Mezgil.kz.

Закавказье дәстүрлі түрде Ресейдің оңтүстік тірегі және қалқаны болып табылады. Қазір онда аймақтан тыс ойыншылардың көмегімен анти-ресейлік факторлардың өсуі қайта күш алуда.

Премьер-министр Никол Пашинянның Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын «тоқтату» туралы резонансты мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып, Армения Парламентінің спикері Ален Симонян: «ҰҚШҰ өзін-өзі өлтірді және қазір жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз», - деп мәлімдеді.

«Иә, біз әуелі ҰҚШҰ-ға сұрақ қойдық және ол сұрағымыз жауапсыз қалды. ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аумағы қайда деп сұрадық. ҰҚШҰ Армения шекарасын мойындай ма деп сұрадық. Армения ҰҚШҰ-ға қандай мойындалған территориямен қосылды деп сұрадық. Бұл сұрақтарға әзірге жауап алмадық. Менің жеке пікірім: ҰҚШҰ өзін-өзі өлтірген ұйым!», - деп кесіп айтты.

1709032286676833.jpg

СИМОНЯН: РЕСЕЙ, ЕРЕВАННАН КЕТ!

Ал премьер-министр Пашинян өзінің «France 24» агенттігіне берген сұхбатында: «... Ресей базасы Арменияда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шеңберінде емес. Бұл мүлде басқа құқықтық өлшем және бізде бұл өлшемге жүгінуге негіз болған жоқ», - десе, Армения Парламентінің спикері Ален Симонян: «Ресейлік шекарашылар Ереван әуежайынан кетуі тиіс!», - деп шорт кетті.

Ресей ФСБ шекарашылары Еревандағы Звартноц әуежайында тұрақталған. Армения Парламентінің спикері Симонян Ресейлік әскерилерден елден кетуді талап етті.

«Егер олар сол жерден кетіп қалса, дұрыс болар еді деп ойлаймын. Олардың еліміздің шекарасын қорғайтынына сенімім жоқ», - деді Ол.

Ресей Ереванның бұл кезек-кезек мәлімдемелерін ауыр қабылдады. «Батыс Ресейді Оңтүстік Кавказ аймағынан ығыстыру саясатын жүргізіп жатыр», - деп айыптап, мәлімдеме жасағандар қатарында Патрушев, Галузин және басқа да ресейлік ресми тұлғалар болды. Қысқа қайырғанда, Ресейдің Кавказдан айырылу дәуірі басталды. Бірақ Патрушев, Галузин және басқа да ресейлік ресми тұлғалардың бұны түсінгісі келіп отырған жоқ.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320