Қазақ баспагерлерінің трагедиясы
Қазақ кітабы қазаққа жетіп жатыр. Жеткізіп жатқан ана тілімізде кітап шығаратын баспагерлер.
Аз кем шегініс жасайтын болсақ, қазақ медиа кеңістігінде төңкеріс жасаған қаламгер Нұржан Қуантайұлының асыл бейнесі көз алдымызға келеді. Көз алдымызға келеді деген себебіміз қазақилығы мол Семей облысын Елбасизм кезінде ШҚО облысына қосуда жіберген олқылықтың орнын толтырып, аға газетпіз деп кеуде қағатын «Егемен Қазақстанды» шаң қаптырған медиа әбжілдігі.
Медиа әбжілдік дегеніміздің астарында әр апта сайын облысымдағы қазақ руханятында өз орны барлар мен сол жайында сөз қозғап жүргендерді әдебиет айдына шығара білетін кәсіби айдаһарлық танытты.
Сол айдаһарлық Семей Абай атауымен жеке облыс атанғанда Мерей Қарт тарапынан өз жалғастығын тапқандығы көңілді қуантады.
Бірақ, Нұржанның жаңашылдығы аудандық газеттерді бір орталыққа бағындыруы дәл қазір «Семей таңы» тарапынан өз жалғастығын тапқанымен бір тамыры кем соғып жатыр. Себебі қалам қуаты кем Бордулиха мен Бесқарағай ғана «Семей таңы» құшағына құлауға бейіл танытқаны таң қалдырмайды. Жазушылар одағы осы олқылықтың орнын толтыру үшін әр облыста «Қазақ әдебиетінің» қосымшасын ашуды жөн деп тапты. Біз журналистер бұны жаңадан құрылған облыстардағы аудандық газеттердің пиғылы бөлектердің жұтқыншағында жұтылып кетпеуіне деген Жазушылар Одағының ағалық ілтипанынан деп білеміз.
Елбасизм кезінде баспагерлерді тендрге телміртті. Қазақстанда 3 мың ауылдық округ пен 7 мың мектеп барлығы оларды ана тіліміздегі кітаппен қамтамасыз ету керектігі естен шығарылып, 2 мың мен 5 мың арасындағы кітап шығаруды баспагерлерге міндеттеп достарды бір-брімен қас дұшпанға айналдыратын үрдісті өмірге әкеліп, кітапкерлерді өзара қас дұшпанға айналдырды.
Кітап нарығы тек қана ана тілімздегі қаламгерлердің туындыларын оқырмандарға ұсынудан тұрмайтындығы зиялы қауым санасынан күшпен ығыстыртылып, КСРО кезіндегі қалыптасқан аудармашылар қауымы мен редакторлар алқасы мүлдем назардан тыс қалдырылды.
Енді осы қателіктен қорытынды шығаратын кез келген сияқты. Оған ағынға қарсы жүзген Нұржан Қуантайұлының тағдыры куә дегім келеді. Қазақ баспагерлерінің трагедиясын ұлттық қуанышқа айналдыратын кез келген сияқты. Қазақ кітабының бағасына 4-6 жыл мемлекет дотация жасаса, және Ресейден ағылған кітаптың қазақша аудармасы болуын талап ететін Заңды қабылдаса, біз сөз еткен Нұржанның кәсіби арманы орындалады.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz