Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1500 2 пікір 7 Наурыз, 2024 сағат 15:51

Словакияда Жұмабаев жинағының тұсаукесері өтті

Мартин, 2024 жылғы 6 наурыз – «Словакия кітапханалары аптасы» мәдени шарасы аясында Словак Ұлттық кітапханасында Мағжан Жұмабайдың словак тіліне аударылған өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Шараға Словакия Жазушылар одағының мүшелері – ақын-жазушылар мен әдебиеттанушы ғалымдар, «Словак ұяқалыбы» (Matica slovenská) мәдени бірлестігінің, Словакия кітапханалар қауымдастығының және Кітап шығарушылар қоғамының мүшелері, студенттер мен баспасөз өкілдері қатысты.

Сурет Қазақстанның Словакиядағы елшілігінің сайтынан алынды

Кітапты қалың жұртшылыққа таныстырған Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Мағжан Жұмабайдың шығармашылық мұрасының байлығын, оның қайталанбас ақындық дарыны мен қазақ және әлем әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, елші кітаптың тұсаукесері қазақтың «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының теңдесі «Словак ұяқалыбы»  (Matica slovenská) мәдени-ағарту қоғамы 1865-1926 жылдары орналасқан Ұлттық кітапхананың тарихи ғимаратында өтуінің смиволдық мәнін атап өтті. Дипломат мәдени шараны ұйымдастыруға көмектескен Ұлттық кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, кітапхана қорына қазақ ақынының кітаптарын сыйға тартты.

Сурет Қазақстанның Словакиядағы елшілігінің сайтынан алынды

Словакия Жазушылар одағының мүшесі, Әдеби институттың директоры, ақын Юлиус Ломенчик Мағжанның сан қырлы шығармашылығын, жазушыңың рухани ізденісі мен адамгершілік мұратын көрсететін шығармаларының терең символизмы мен лиризмін жоғары бағалады. Ол қазақ ақынының қайғылы тағдыры словак ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан классик қаламгерлерінің тағдырымен үндесетінін атап өтті.

Сурет Қазақстанның Словакиядағы елшілігінің сайтынан алынды

Словакия Ұлттық кітапханасының бас директоры Катарина Криштофова словак оқырман қауымына қазақ халқының әдеби және өнерлік дәстүрін танып-білуге ​​мүмкіндік беретін Мағжан Жұмабай өлең кітабының словак тіліндегі алғашқы басылымына құптау білдірді. Сондай-ақ ол жастар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында бірлескен мәдени жобаларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Өлең жинағының аудармашысы филология профессоры Виктория Ляшук белгілі ақын, әдебиеттанушы Ян Гавураның жәрдемімен сегіз айдан астам уақытқа созылған Мағжан Жұмабай шығармаларын көркем-әдеби аудармасының күрделі процесі туралы айтты. Ол қазақ поэтикалық тілінің байлығы мен әр алуандылығын ескере отырып, аударманы іске асыру өте қызық шығармашылық процесс болғанын атап өтті.

Сурет Қазақстанның Словакиядағы елшілігінің сайтынан алынды

Тұсаукесер аясында ұйымдастырылған «Қазақстан – Еуразия Жүрегі» атты фотокөрме де Словакия жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырды.

«Словакия кітапханалары аптасы» жалпыұлттық мәдени іс-шараны Словакия кітапханалары қауымдастығы (SAK) және Словакия кітапханашылары мен кітапханалары қоғамы (SSKK) ұйымдастырады. Шара жыл сайын Словакияда кітап оқуды насихаттау және жаңа кітап өнімдерін таныстыру мақсатында өткізіледі. Оның аясында словак елінің түкпір-түкпірінде кітап көрмелері, әдеби оқулар, шығармашылық кештер мен жыр сайыстары өтеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373